1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі


Қыш материалдарды жасау технологиясы



бет7/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
18. Қыш материалдарды жасау технологиясы.
Керамикалық бұйымдарды дайындау өндіру мынадай негігітпроцестерден тұрады: балшықты карьерден қазып алу, массаны дайындау, оны бұйым формасына келтіріп қалыптау, кептіру және күйдіру. (51-54 беттерді ашып толық оқып алсандар болады, Батырбаев Садуақасов)


19.Әрлеу қыш материалдары.
Керамикалық плитка-бұл минералды шикізаттан (саз, каолин, кварц құмы, ағындар, бояғыштар) алынған, едендерді қаптауға, қабырғалардың ішкі қаптамасына, ғимараттардың қасбеттеріне қолданылатын жұқа плитка.

Терракота (лат. terra cotta-күйдірілген жер) - плиталар, бағаналардың бөліктері, тақтайшалар және басқа да архитектуралық бөлшектер түріндегі ірі көлемді қаптау бұйымдары.



Керамикалық гранит.Керамикалық гранит жаңа әрлеу құрылыс материалдарына жатады-бұл престеу әдісімен әртүрлі минералдар қосылған арнайы ауыр саздардан алынған керамикалық плитка.
20.Қыш материалдары, жіктелуі, қасиеттері, түрлері.
Керамикалық материалдар құрылымына қарай екі негізгі топқа бөлінеді: кеуекті жене тығыз. Кеуекті материалдардын су сіңіргіштігі 5%-тен жоғары болады (әдетте 6-20 массалық процент аралығында), бұларға кәдімгі кірпіш, керамикалық қабырга тастар тыстаулық (ендеулік) тақталар, т.б. жатады. Тығыз керамикалық материалдар 5%- тен аз су сіңіреді (көбінесе 1-4%); оларға жататындар: еденге төсейтін плиткалар, жолға төсейтін кірпіш, канализациялық құбырлар (түтіктер), т.б.
21. Қабырғалық қыш материалдары, түрлері және қасиеттері.
Қабырғалық қыш материалдар. Бұлардың маңызы зор, өйткені олар құрылыста қолданытлатын барлық қабырғалық бұйымдардың тең жартысы (50%-і). Көп тараған түрлеріне мыналар жатады: кәдімге күйдірілген кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар (қуысты кірпіш), қуысты керамикалық тастар, кірпіште не керамикалық тастардың құралған ірі панельдер.



22. Шыны пісіруге арналған шикізат және шыны жасау технологиясы.
Шыны деп – балқыған затты тез суыту арқылы алынатын аморфтық денелрді айтады. Құрылыста силикаттық шынылар қолданылады. Олар кремний тотығының негізінде алынады.
Құрылыстық шынының химиялық құрамы мынадай, салмақтық % бойынша: 71-73 SiO2, 13-15 Na2O, 8-10.5 CaO, 1-4 MgO; қалған 1-2.8% калий, алюминий, күкірт пен темір оксидтері құрайды; химиялық формуласы Na2O*MgO*6SiO2 жақын. Құрылыстық шыныны өндіру үшін негізгі шикізат ретінде кварцты құм, сода, әктас, ал қосымшалар ретінде балқыту температурасын төмендететін, бояғыш, тб заттыр пайдаланылады. Шыны өндіру технологиясы мынадай операциялар (процестерден құралады) шикізаттардан шыны шихтасын дайындау- шихтаны 800-1500C градуста пісіру-балқыту және балқыған шихтаны суытып, жазық келген парақ нұсқалы немесе басқа кескінде бұйымдар өндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет