1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі


Тау жыныстарының жіктелуі



бет4/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
8. Тау жыныстарының жіктелуі.
Тау жыныстары деп бір (мономинералды) немесе бірнеше (полиминералды) минералдардан тұратын минералды қоспаны атайды. Минерал деп жер қыртысында болатын физика химиялық процестер нәтижесінде пайда болатын химиялық құрамы және физика механикалық қасиеттері бойынша табиғи біртекті денені атайды.
Пайда болу жағдайына байланысты тау жыныстары үш түрге бөлінеді:
-Алғашқы не магмалық тау жыныстары терең жер астынан төгілген және қатып қалған магмадан пайда болған. Олар интрузивті (терең жер астында жататындар) және эффузивтілер (жер бетіне төгілгендер). Интрузивті Терең жер астында жататындар жоғары температура мен жоғары қысым жағдайларында жер бетінен үлкен терендікте магманын суынуы нәтижесінде пайда болған. Эффузивтілер Төгілген жыныстар жер бетінде (ен жана) неме- се жер бетіне жакын (ежелгі) магманың суыну нәтижесінде пайда болған.
-Екінші не шөгінді жыныстар бұрын пайда болған басқа жыныстардың (сынық) желге мүжілуі нәтижесінде, организм қалдықтарынан (органогенділер) және су ерітінділердегі тұздардың тұнуынан (химиялық) пайда болған
-Түрі өзгергендер не метаморфтық жыныстар жоғары температура мен үлкен қысымдар әсерінен магмалық және шөгінді тау жыныстарының терең өзгерістері (қайта кристалдану) нәтижесінде пайда болады
9. Тау жыныстарының қолдану облысы және тағайындалуы
Руда емес және тау-кен (руда) жыныстары шикізат ретінде
күрделі - атап айтқанда, термиялық еңдеу аркылы сан-алуан құрылыс материалдарын керамикалық бұйымдарды, шыныларды, құйма тастарды, байланыстырғыш заттарды (цемент, гипс, әктерді), материалдарды, т.б. ендіру үшін пайдаланылады.Рудалар таудан шығарылады.



10.Материалдардың негізгі физикалық қасиеттері
Физикалық қасиеттері:
-хал жайының параметрлері: шын мәніндегі тығыздығы, орташа тығыздығы, үйілген тығыздығы, салыстырмалы тығыздығы, кеуектігі
-материалдың суға қатынасы: (гидрофиз) су сіңіруі, тамшы соруы, ылғал тартқыштығы, дымқылдығы, су өтпеушілігі, гидрофобтығы, гидрофильдігі, дымқылдық деформациясы, аязға төзімділігі, суға төзімділігі.
-материалдың жылуға және жоғары температураға қатынасы (жылу физ): жылуөткізгіштігі, жылусыйымдылығы, отқа беріктігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет