1. Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерінің жіктелуі


Шыны бұйымдарының түрлері, тағайындалуы және қолдану облысы



бет8/29
Дата21.12.2023
өлшемі1,52 Mb.
#142402
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
23. Шыны бұйымдарының түрлері, тағайындалуы және қолдану облысы.
Шыны блоктар мен профилиттер жарык өткізгіш сыртқы және Бөлмеаралық қабырғалар құруға, кейбір ғимараттардың сәуле тарататын шатырларын жасауға қолданылады.
Шыны пакеттер дегеніміз - айнала шеттері біріктірілген екі немесе бірнеше шыны парақтардан тұратын бұйым. Шыны парақтардың аралығы 9-20 мм; ол құрғақ ауамен толтырылады. Шыны пакеттің ауданы 5 шаршы метрге дейін болады. Ол кәдімгі жеке парақша шынымен салыстырғанда жел күшіне берілірек, мұзданып буланбайды, Жылу шығынын азайтады. Көбінесе олар қоғамдык жане өндірістік уйлерде қолданылады.
Шыны түтіктер , тамақ, дәрі-дәрмектер, ХИМИЯ, т.б. өнеркәсіптер салаларында зардабы күшті сұйық (еріткіш кышкылдан баска) заттарды тасымалдау үшін, үй жылытатын батареялар ретінде -50-ден +120°С-ка дейінгі аралықта пайдаланылады. Шыны түтіктер мөлдір жане тазалық сақтауга қолайлы; бет жағы жылтыр болғандықтан, өзінің ішіндегі сұйық заттар ағымына кедергі жасамайды.


24. Қара металдар қолдану облысы.
Қара металдар машиналар мен жабдықтардың, станоктардың бөлшектері мен тетіктері құйылып жасалады. Қара металдар ауыл шаруашылығында, көлік және коммуникацияда, құрылыс, қаруы- жарақ және машина жасау саласында, тұрмысөз қажет бұйымдар дайындауда кеңінен қолданыс тапты. Барлық металл өнімдерінің 90 пайызға жуығы қара металдар үлесіне тиеді



25. Гипстік материалдардың қолдану шарты және облысы.
Гипс бұйымдарының айтарлықтай кемшіліктері де бар – суға төзімсіз, гипс бұйымдары ылғалданғанда беріктігі көп төмендейді, сондайақ жайылымдылық байқалады (тұрақты салмақ пен пластикалық деформацияның артуы). Сондықтан гипс бұйымдарын тек қурғақ бөлмелерде сақтап, ылғалданудан қорғау керек. Жайылымдылықты азайту үшін гипс массасына ұнтакталған домна шлагын косады.
Гипс буйымдары гипс пен гипсбетон түрлеріне бөлінеді. Гипс бұйымдарын илемінен (кейде аздаған органикалық немесе ұнтақталған минералдық толтырғыштар қосады) дайындайды.
Гипсбетон буйымдары гипс ерітіндісінен немесе женіл әрі кеуекті минералдық толтырғыштар қосылған бетоннан жасалады. Гипс тасы кұм мен қиыршық тасқа қарағанда жақсы жабысады.
Гипс пен гипсбетон бұйымдарын өндіруде құрылыс беріктігі жоғары, сондай-ақ беріктікті жоғарлатуымен бірге, болат арматура коррозиясын туғызбайтын гипс-шлак араласпа цементін колданады.
Дайындалуы бойынша гипс пен гипсбетон буйымдары мына топтарға бөлінеді: аралық кабыргаларға арналан тақталар мен панельдер, аралық тесемдерге арналған бұйымдар; кабырғаларды оңдеуге арналған парақтар (құрғақ гипс сылаты); қабырғалық тастар: жылу изоляциялық бұйымдар: сәулетті- әсемдік бөлшектер (карниздер, төбелік
розеткалар, плафондар, фризолар, т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет