20-БИЛЕТ
1. Рим азаматтарының, либертиндердің, латындардың, перегриндердің, колондардың құқықтық жағдайы
2. Заттық және міндеттемелік құқықтар
3. Формулярлық iс-жүргiзулерiнiң түсiнiгi
1. Рим азаматтарының, либертиндердің, латындардың, перегриндердің, колондардың құқықтық жағдайы
Қожайыны бостандық берген құлдар либертиндер деп аталды. Юстинианның басқаруына дейін либертиндердің жария құқық саласында келесідей құқықтары болмады:
- рим әскерінде қызмет ете алмады;
- сенатор, магистрат бола алмады;
- І ғ.бастап халық жиналыстарына қатынаса алмады.
Осы сияқты шектеулер жеке құқық саласында да кездесетін.
Латиндер – ол Рим қаласы орналасқан Лациум деген облыстың (аймақтың) атауынан аталып кеткен ежелгі итальяндықтар. Олардың жария құқықтары рим халық жиналыстарына қатысу және дауыс беру еді. Олардың мүліктік дауларын рим соттары қарады.
Латындардың құқықтық жағдайы дүниеге келумен, мемлекеттік өкіметтің актісімен латын азаматтығын беру арқылы анықталады. Рим азаматтарының ерікті түрде латын азаматтығына көшуі жер алу мақсатында, латын азаматының құлдықтан босатуы арқылы жүзеге асырылды. Латындардың рим легиондарында қызмет ету құқығы болды.
1. Перегрин некесiнен туылған балалар;
2. Империядан тыс жерлерде өмiр сұрген адамдарсоттың шешiмiмен,императордың қаулысымен перегрин аты берiлгендер;
3.Перегриндерге саяси құқықтық жағдай болған жоқ.
Азаматтық қатынастарда олар өздерiнiң Ұлттық құқық жұйелерi бойынша жасайтын. Пергриндерге Рим азаматтығын алуға мүмкiндiктер болатын:
1. Заң бойынша егер рим мемлекетiнде белгiлi қызмет атқаратын болса;
2. Арнайы актiлер бойынша мемлекеттiк билiк белгiлi бiр перегриндердiң тобына немесе пергринге рим азаматтығын берген жағдайда;
Перегриндер –деп Римнiң қоластындағы және оған кiрмейтiн елдердiң тұрғындары, бiрақ Рим азаматтығын да Лауицума азаматтығын да ала-алмай жұрген адамдар.
Колондарды бізге жақын ұғымда диқандар деп айтуға болады. Колондар - ерікті азаматтар болып, бірақ та құқықтық жағдайда Рум азаматтарымен сәйкес болмаған. Олардың құқықтық жағдайы жер иелеріне өте байланысты болған. Жерге ие болмай, колондар жерді жалдап алатын. Ал жалдайтын құны тым қымбат болған. Содан соң, колондар өмір бойы қарайдан шыққан жоқ. Рум колондарының жағдайы орыстардың крепостік диқандарға (крепостные крестьяне) сәйкес болған. Астық өсіріп, колондар өнімдеп көбін жер иесіне беретін. Құл болмай колон құл сияқты болатын.
2. Заттық және міндеттемелік құқықтар
Ежелгі Рим құқығында заттық және міндеттемелік құқық деген нақты түсініктері болмаған, алайда заттық құқықтар мен міндеттемелерді қамтамасыз ететін тиісті талап-арыздар қолданыста болған. Осыған сәйкес заттық құқық дегеніміз – Ежелгі Римде заттық талап-арыздар арқылы қорғалған қоғамдық қатынастарды реттеу нормаларының жиынтығы. Басқаша айтқанда заттық құқық дегеніміз – тұлғаның затқа тікелей және ешкімнің еркіне тәуелсіз әсер ету құқығы. Әсер ету дегеніміз – затты иелену, пайдалану және басқару әрекеттері.
заттай құқықтарды үш түрге бөліп қарастырған:
Меншік құқығы – заттық құқықтың негізгі және басты түрі. Бұл дегеніміз тұлғаның затты басқару, пайдалану және иелену құқықтары толық көлемде айқындалады. Меншік құқығына ие тұлғалар заттың нағыз қожайыны болып табылған.
Иелену құқығы – тұлғаның затты иелену және өз затындай қарау тұрғыдан затқа әсер ету деңгейі.
Бөтен біреудің затына құқық – тұлғаның басқа тұлғаның меншігіндегі немесе иелігіндегі затқа әсер ету құқығы.
3. Формулярлық iс-жүргiзулерiнiң түсiнiгi
Достарыңызбен бөлісу: |