1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет14/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

Заңгерлердің аттары: Принципат кезеңінде Павел, Ульпиан, Гай және Помпоний сияқты заңгерлердің еңбектері міндетті күшке ие болды. Рим тарихшысы Тит Ливий ХII-кесте заңдарын бүтiн көпшiлiк құқық пен жеке құқықтың қайнар кұзi деп атап өттi. Бұл жерде қайнар көз сөзi рим құқығының мықты құқық саласы ретiнде өсiп шыққан негiзi, тамыры мағынасында қолданылады. Әртүрлi халықтардың Рим құқығы заң әдебиеттерiнде құқықтың қайнар көзi әртүрлi мағынада қолданыллады:
1) құқық нормаларының қайнар көзi ретiнде;
2) құқық нормаларының пайда болуының әдiсi ретiнде; 3)құқықты танудың қайнар көзi ретiнде.
2. Эмфитевзис және суперфиций
Эмфитевзис – біреудің ауыл шаруашылық жерін өмірлік мұра ретінде иелік ету және пайдалану құқықтарымен бірге алу. Бұл атау грек тілінен алынған. Ежелгі Грецияда жерді жалдау құқығы мұрагерлікпен ауысуы кең тараған болыпты.
Суперфиций – біреудің қалалық жер учаскесінде ғимарат салып, оны пайдалану құқығы, құрылыс салу құқығы. Құрылыстың меншік иесі болып сол жер танабының иесі болып келетін. Пайдаланушы өз құқығын мұраға қалдыруға болатын, кепілге беріп, әуелі сатуға да болатын. Бірақта сату үшін жер танабының меншік иесінен рұқсат алу кажет болды.
3. Тұлға және құқық қабілеттілігі
Рим құқығында тұлға ретінде екі жиынтықтан құрылған құқық қабілеттілігіне ие субъектілер танылды. Бірінші жағдайда тұлға адам белгілеріне тән болуы керек болса, екінші жағдайда азаматтық құқыққа ие бола алатын субъект болуы тиіс болды.
Құқық қабілеттілігі – ол тұлғаның құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi, қазіргі кезде барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.
Мұндай тұлғалар бірнеше элементтерден құрылған құқық қабілетіне ие болды:

  1. Некеге тұру - jus conubii;

  2. Мәмілелер жасау - jus commercii;

  3. Мұра қалдыру немесе мұрагер болу - testamentifactio;

  4. Талапкер болу.

Әйелдер, рим азаматтары бола тұра, толық құқық қабілеттілікке ие бола алмады.
Құқыққабілеттілік жария құқық аясында мыналарды қамтыды: тұрақты әскерде қызмет ету құқығы, халық жиналыстарына қатысу және сайлау құқығы; магистрде лауазым алу. Өзінің құқықтық жағдайына байланысты рим азаматтары ерікті туылғандар және рим азаматымен құлдықтан босатылғандар деп бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет