1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет20/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

22-БИЛЕТ
1. Заттар туралы жалпы ілім. Заттарды топтарға бөлу
2. Міндеттемедегі тараптарды ауыстыру
3. Колондардың құқықтық жағдайы

1. Заттар туралы жалпы ілім. Заттарды топтарға бөлу


Рим заңи мәдениетінде қалыптасқан заттық құқықтың негізгі және басты объектісі – зат. Ежелгі Римде заттың айырықша түсінігі қалыптасқан. Рим құқығы бойынша зат дегеніміз – кез-келген материалды зат немесе дербестікке ие заңи құқықтар мен талаптардың кешені. Демек, Ежелгі Римде зат ұғымына өте үлкен мағына берілген. Соған орай заттарды түрлі негіздерге сай жіктеу жолы қалыптасқан.
Затқа қатысты иеліктің пайда болуына байланысты заттар екіге бөлінген:
Манципацияланатын заттар, яғни, біреуге берілгенде арнайы жолмен, арнайы ережелерді орындаумен иеленуі жүзеге асырылатын заттар (құлдар, италиандық жер, сол жердегі ғимараттар және мал).
Манципацияланбайтын заттар, яғни, біреуге ешбір ережесіз қарапайым жолмен берілетін қалған заттар.

Сыртқы белгілеріне байланысты заттар төмендегідей түрлерге бөлінді:


Қозғалатын заттар, яғни, қозғалту мүмкін және қозғалтқанда мазмұны мен мәні ауыспайтын заттар (құл, ақша, аңдар).
Қозғалмайтын (жылжымайтын) заттар, яғни, қозғалту мүмкін емес немесе қозғалғанда мазмұны ауысатын заттар (жер учаскелері, ғимараттар, өсіп тұрған ағаш).


Заттар өзінің материалдық көрінісіне сай бөлінеді:
Денесі бар заттар, яғни, ұстауға және көруге болатын заттар (малдар, ғимаратттар және т.б.)
Денесіз заттар, яғни, материалды көрінісі жоқ нақты құқықтар мен талаптар кешені.

Құрылымдық ерекшеліктеріне сай заттар екі топқа бөлінеді:


Бөлінетін заттар, яғни, бөлінгенде өзінің мәні мен құндылығын жоғалтпайтын заттар (шарап, астық және т.б.).
Бөлінбейтін заттар, яғни, бөлінгенде мазмұны өзгеріп, өзінің құндылығын жоғалтатын заттар (шалбар, көйлек және т.б.).
Қосымша заттар үш топқа бөлінген:

  1. Заттың бөлшектері (үйдің кірпіштері).

  2. Заттың жабдықтары (құлыптың кілті).

  3. Жеміс (малдан алатын сүт, жер учаскесін жалға беруден түсетін ақша).

2. Міндеттемедегі тараптарды ауыстыру


Алғашқыда тараптар біріне бірі нақты байланыста болғандықтан тараптардың ауысуы мүмкін болмаған және өкіл арқылы орындауға жол берілмеген. Шаруашылық және сауда-саттық дамыған сайын бұл қатаң ережелер өзгертіліп, міндеттемелерге өкіл арқылы қатысу рұқсат етілді және тараптардың біреуіне – кредиторға - өзінің талап қою құқығын өзге тұлғаға беру рұқсат етілді. Ол екі жолмен жүзеге асырылатын. Мысалы, кредитордың құқықтары мұрагерлеріне ауысатын. Одан кейін новация деген әрекет енгізілді. Новация бойынша кредитор борышқордың келісімімен өзінің оған талап қою құқығын басқа адамға беретін. Жаңа кредитор бұрынғы борышқорға өз атынан бірінші кредитордың талабын қоятын.
Бірақта новация да тікелей тараптардың ауысуына жол бермейтін. Оның орнына цессия қолданатын болды. Цессия – ол міндеттемедегі кредитордың ауысуы, талап қою құқығын өзге тұлғаға ауыстыру. Бірінші кредитор – цедент, оның орнына келген кредитор – цессионарий. Кредитордың ауысуы тұралы борышқорға хабарландыру қажет болды. Сонда да, тұлғаның айырылмас құқықтары ауысуға жатпаған, мысалы, алиментті талап ету, ар-ожданын қорғау.
Борышқордың ауысуы қарызды ауыстыру деп аталады. Міндеттемеде борышқордың ауысуы тек қана кредитордың келісімімен рұқсат етілген. Себебі, борышқордың тұлғасы кредитор үшін өте маңызды болып келетін, кредитор оған сенім білдіретін болу керек, сондықтан танымайтын бөтен біреу оның талабын қанағаттандыра ала ма, жоқ па, кредитордың сенімі толық болмайды.

3. Колондардың құқықтық жағдайы


Колондарды бізге жақын ұғымда диқандар деп айтуға болады. Колондар - ерікті азаматтар болып, бірақ та құқықтық жағдайда Рум азаматтарымен сәйкес болмаған. Олардың құқықтық жағдайы жер иелеріне өте байланысты болған. Жерге ие болмай, колондар жерді жалдап алатын. Ал жалдайтын құны тым қымбат болған. Содан соң, колондар өмір бойы қарайдан шыққан жоқ. Рум колондарының жағдайы орыстардың крепостік диқандарға (крепостные крестьяне) сәйкес болған. Астық өсіріп, колондар өнімдеп көбін жер иесіне беретін. Құл болмай колон құл сияқты болатын. Бірақ jus conubii,jus commercii бұларғa тараған. Әскерге де баратын (jus militarii). Jus suffragii, jus honorum бұларға тыйым болған жоқ, бірақ оларды пайдалануға мүмкіндік болған жоқ. Өйткені колондар жеріне өте байланысты болатын. Мұрагерлік құқықтар (testamento factio activatesamento factio passiva) болған, бірақта колондарда eшбір мұраға жарайтын мүлік болған жоқ. Колондардың заманын колонат деген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет