1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет2/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

Реституция – бұрынғы қалпына қайта келтіру. Бұл тәсіл пайда болған дауға жалпы нормаларды қолдану заңды емес деп таныған жағдайда қолданылатын. Реституцияны қолдану үшін мына талаптар орындалуы қажет:
залалдың болуы;
реституция негізі;
мезгілінде өтіну.
Реституцияны қолдану мерзімі залал болған кезден бастап бір жыл.

2-БИЛЕТ
1. Талап қою ұғымы және түрлері
2. Неке. Некенің түрлері. Некеге тұру және оны бұзу
3. Юстиниан кодификациясы.

1. Талап қою ұғымы және түрлері


Рим мемлекетінің дамуымен, тараптардың арасында теңдіктің болмауына байланысты дауды шешетін арнайы орган - сот пайда болды. Тарихи даму нәтижесінде сот өндірісі пайда болды және оның ең алғашқы нысаны легисакциондық сот өндірісі болды. Ол жеке талаптар бойынша пайда болған дауларды қарады. Ежелгі Римде өзінің құқықтары бұзылған тұлғалар әділеттік талаптары бойынша талап-арыз беру негізінде (талап қою) қорғайтындығын тәртіпке айналдырды. Сол замандардан бастап құқығы бұзылған әрбір Рим азаматы өзінің бұзылған немесе даулы құқын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап, сотқа жүгіне алды.
Түрлері:
Цивилді талаптарды қарағанда судья келісімшарт ережелерімен шектелген болатын.
Преторлық талаптарды қарағанда судья тек ғана әділеттілікті есепке алды.
Қолданылу жағдайларына сай талап-арыздар бес топқа біріктірілді:
Ұқсастық бойынша талап - нақты мәселені шешетін нақты норма болмаған ұқсас жағдайларды қарастыратын талап-арыз. Аналогия.
Фикциялы талап – заңда көзделмеген қатынастарды қорғау мақсатында преторлар қолданатын тәсіл. Мұндай жағдайда претор судьяға кейбір жоқ жағдайларды бар деп есептеу жөнінде жазба жазатын.
Кондикциялар – пайда болу негіздері көрсетілмеген, жалпы талаптар, кешенді құқықтарды қалпына келтіруге байланысты абстрактілі талап-арыздар. Мысалы, затты қайтару және ол үшін айып төлеу.
Персекуторлық талап-арыз – белгілі бір құндылықты қайтарып алу туралы талап-арыз.
Айыппұлдық талап-арыз – айыппұл төлету немесе шығын орнын өндіріп алу туралы талап-арыз.
Арбитрарлық талаптар бойынша судья өз қалауы бойынша залалдың мөлшерін анықтады.

2. Неке. Некенің түрлері. Некеге тұру және оны бұзу


Ежелгі Римде заңды неке матримониум деп аталатын. Әйгілі Рим заңгері Модестин некені: (күйеуі мен әйелінің одағы, өмірлік бірлестік, тәңір мен адамзат құқығының бірлігі) деп белгілепті. Негізінде жағдай мүлдем олай емес болатын. Некеге тұрудың құқықтық алғышарты некеге тұрушыларда болып табылады.
Некенің екі түрі болыпты. Бірі – cum manu. Ол неке манципация (қол салып сатып алу) арқылы жасалатын. Екіншісі – sine manu. Ол неке әйелге бірталай еркіндік беретін. Мысалы, өзінің жасауы өзіне тиісті мүлік болып саналатын, ажырасқан жағдайда жасауын қайтарып алатын. Ол некені жылда жаңарту керек болатын, яғни, бір жыл толмай әйел өз ата-анасының үйіне бірнеше күнге кетіп, қайта куйеуінің үйіне келетін. Себебі бір жылдан көп күйеуінің үйінде қалса, оның тәуелдісі болып кететін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет