1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар



бет1/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)




1- БИЛЕТ
1. Рим азаматтық құқығының ұғымы
2. Жеке тұлғалар
3. Реституция ұғымы

1. Рим азаматтық құқығының ұғымы


Ежелгі Рим мемлекеті алғашқыда бір ғана қаланың шеңберінде орналасқан мемлекет болып құрылыпты. Ал империя кезеңінде Рим мемлекеті өте көлемді болып, Еуропа, Таяу Азия, Солтүстік Африка елдерін қосып алған. Алайда Рим заңгер ғалымдары сол мемлекеттің құқықтық тарихын жазып қалтырмапты. Тиісті мәліметтерді зерттеушілер әдебиет бастауларынан алған.
Рим азаматтық құқығы азаматтық құқықтың негізі болып табылады.
Рим құқығының қалыптасуы 3 дәуірге бөлген. Олар:
1-дәуір. Рим құқығының құрылуы мен дамуы;
2-дәуір. Рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы;
3-дәуір. Империялық дәуір, ол өз кезегінен екі тарихи кезеңге бөлінеді: Принципат және доминат.
Рим құқығы:
1. Жеке құқық –мүліктік қатынастарды реттейді;
2. Жариялы құқық – биліктік қатынастарды реттейді.
Рим құқығының жүйесі:
1. Цивильдік – тек рим азаматтарына қолданады
2. Преторлық құқық – құқықты реттеуге байланысты.

2. Жеке тұлғалар


Құқықтық қатынастардың субьектiлерi абстракттi тұлғалар (персона) ретiнде ғана жасайды. Бiрақ құл иеленушi қоғамда барлық адамдар тұлғалар ретiнде қарастырылған. Құқықтырдың жиыны тұлғалардың мәртебесiн анықтайтын. Мәртебе жоғары болған сайын құқық қабiлеттiлiктiң көлемi кең болады. Құқық қабiлеттiлiк бұл құқықтың субьектiсi болу үшiн мүмкiндiк. 
Құқық қабілеттілігі – ол тұлғаның құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi, қазіргі кезде барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.
Әрекет қабiлеттiлiгi – ол адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi. Қазіргі уақытта толық әрекет қабілеттілік кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн пайда болады. Ал Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ұғымдар жаңадан қалыптасып келе, жоғары сатыда реттелуге жеткен. Адамдық ерекшелігіне бірнеше жағдайлар әсер еткен: еркіндігі мен еркін еместігі, азаматтық жағдайы, римдік отбасыдағы жағдайы, тағы басқалар. Мұндай мәртебелердің болмаған жағдайында адам азаматтық құқықта субъект ретінде қарастырылмады. Толық субъект ретінде еркін адам (тәуелсіз), әрекет қабілеттілікке ие болып 25 жасынан танылды. Мұндай тұлғалар бірнеше элементтерден құрылған құқық қабілетіне ие болды:
Некеге тұру - jus conubii;
Мәмілелер жасау - jus commercii;
Мұра қалдыру немесе мұрагер болу - testamentifactio;
Талапкер болу.
Әйелдер, рим азаматтары бола тұра, толық құқық қабілеттілікке ие бола алмады. Ерлердің жартылай әрекет қабілеттілігі 14 жасынан басталатын, ал қыз балалардың жартылай әрекет қабілеттілігі 12 жастан басталатын. Яғни, осы жастан бастап олар некеге тұра алатын және өздеріне пайда әкелетін мәміле жасай алатын. Ал мүлікті иеліктен шығару тұралы мәмілелерді олар 25 жасқа толғанша тек қана қорғаншысының келісімімен жасай алатын.
Рим құқығы тек ерікті азаматтардың құқыққабілеттілігін таныды. Бірақ кез келген ерікті азаматты құқыққабілетті деп танымайтын. Ерте кезде толық құқыққабілеттілік тек рим азаматтарында танылды.
Рим азаматтығын алудың негізгі тәсілі - баланың дүниеге келуі болды. Рим некесінде дүниеге келген бала әкесінің жағдайын қабылдады. Ал, некеде тұрмаған әйелден дүниеге келген бала шешесінің жағдайын қабылдады. Сонымен қатар рим азаматтығы құлдықтан босату арқылы, бала асырап алу арқылы, жекелеген тұлғаларға, қауымға, провинцияларға ерекше акт арқылы рим азаматтығын беру арқылы алынатын.

3.Реституция ұғымы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет