1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Ұлт жоспары – «бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы арналған 100 нақты қадам»



бет68/91
Дата29.11.2022
өлшемі343,11 Kb.
#53426
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91
Байланысты:
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

63. Ұлт жоспары – «бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы арналған 100 нақты қадам». ҚР президенті Н.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы туралы «НұрОтан» партиясының сессиясында (2015 ж. 11 наурызда) Елбасының сайлауалды бағдарламасы ретінде 2015 ж. 6 мамырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында жарияланды.
Бес институционалдық реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы, Ұлт жоспары – бұл біздің еліміздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформалар алдағы 10-15 жылда іске асырылмақшы, олар мемлекеттің ғана емес, бүкіл халықтың ісі. Реформалардың мәні – мемлекетті нығайтып, ұлтты жаңғыртуда. Жоспардыӊ негізгі мақсаты қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалау.
Реформа мынадай 5 бағытта жүргізілмекші: 1) мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау (1-15 қадам); 2) сот жүйесін жетілдіру (16-34 қадам); 3) экономикалық көшбасшы беріктігін қамтамасыз ету (35-84 қадам); 4) біртектілік (85-90 қадам); 5) мемлекеттік аппараттың қызметін мейлінше ашық ету (91-100 қадам). Бес реформаның әрқайсысы бойынша нақты қадамнан бекітіледі, осылайша «100 қадам» айқындалып, ол тұтастай Ұлт жоспарын құрайды. «100 қадамның» орындалуына биліктің үш тармағы теңдей жауапты болса, президент ондағы әрбір істі тікелей өз бақылауында ұстайтын болады. 
1-бағыт. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру (1-15 қадам). Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы және лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін сынақ мерзімі (үш ай және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау). Мемлекеттік қызметкерлердіӊ жалақысын қызметініӊ нәтижесіне байланысты өсіру. Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу: мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасыныӊ арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар. Мемлекеттік қызметкерлердің 3 жыл сайын кәсіби шеберлігін арттыру. Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу. «Б» корпусыныӊ жоғары лауазымдарына жылжыту конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту. Барлық мемлекеттік органдарға (құқық қорғау органдарыныӊ барлық қызметкерлеріне де) қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау. Іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту, еӊбекақы төлеудіӊ жаңа жүйесін енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет