57. Қазақстан және Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ). Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі - елдің дамуына қолайлы сыртқы жағдай туғызу. Оны тек қана екі жақты ынтымақтастық жағдайында шешу мүмкін емес. Оларды шешуде елдер тобының немесе бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың келісілген іс-шаралары қажет. Осы жағдай халықаралық ұйымдардың құрылуына әкелді.
Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға жуық. Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдар бар. Ең маңызды әмбебап, әрі сан жағынан ірі, құрамына 200-ге жуық мемлекет (193) кіретін - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ, штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан), ол 1) бүкіл әлемде бейбітшілікті, қауіпсіздікті қолдау; 2) мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, нығайту; 3) адам құқығын құрметтеуді қолдау, 4) осы мақсаттарға жетуде ұлттардың (мемлекеттердің) бірлесіп әрекет ететін орталығы болу мақсатында 1945 ж. құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |