Жаһанданужәне мәдениет. Бұған түрлі елдері арасындағы іскерлік және тұтыну мәдениетінің жақындасуын айтуға болады. Бұл ұлттық мәдениеттің жекелеген түрінің бүкіл әлемге танылмал болуына әкеледі, осы мәдениет (мысалы, америкалық) ұлттық мәдениеттерді ығыстыруы мүмкін. Көптеген ұлттар мұны ұлттық мәдени құндылықтардың жоғалту деп бағалап, ұлттық мәдениетін қайта өркендету үшін күресуде. Қазіргі кезде кинофильмдер әлемнің көптеген елдерінде экранға бір мезгілде шығады, кітаптар шет тілдерге аударылып, түрлі елдердің оқырмандары арасында танылмал болып жатады. Мәдени жаһандануда Ғаламтордың барлық жерде жаппай таралуы үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге жыл сайын халықаралық туризм барған сайын кең таралып бара жатыр. Мәдени жаһандануға дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер, құндылықтар мен идеологиялардың бірыңғайлануы үрдісін жатқызады. Жаһандану америкаланумен жиі теңестіріледі. Америкалық мәдени дәстүр «планетарлық» (бүкіләлемдік) деп аталынып жүр. Әлем кинотеатрларында көрсетілетін фильмдердің көпшілігін Голливуд шығарады. Microsoft, Intel, AMD, Coca-Cola, Apple,Procter&Gamble, Pepsi т.б. көптеген әлемдік корпорациялар өз бастауларын АҚШ-тан алады. McDonald’s жаһанданудың ерекше символына айналған. Жаһандануға басқа елдер де өз үлесін қосуда. Мысалы, жаһанданудың символдарының бірі – ІКЕА (интернет-дүкен) Швецияда пайда болған. Сол бойда хабар беретін танылмал қызмет ICQ алғаш рет Израильда пайда болған, ал телефонға арналған ІР-Skype бағдарламасын эстон программистері ойлап тапқан.