1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет139/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

Қазақстанда тұрақты даму аймақтық экологиялық мәселелерді шешу тұғысынан қарастырылады. Жаһандық экологиялық мәселелер Қазақстанға да әсер етуде, бұл – климаттың жылынуы, жерлердің шөлейттерге айналуы және бұзылуы, мұздықтардың еруі, құрғақшылық және су тапшылығы, қалдықтар мен зиянды нәрселердің шығуының көлемінің артуы. Бұлардың барлығы қоршаған табиғи орта мен тұрғындардың денсаулығына да және экономикалық дамуға үлкен қауіп төндіреді. Жыл сайын тұтынатын энергияның көлемі артуда. Бүгінде Қазақстан әлемдегі энергияны ең көп ысырап ететін 10 елдің қатарына кіреді.

Дамып келе жатқан Қазақстан экономикасы үшін қоршаған табиғи орта мәселелері маңызды болуда. ХХ ғасырдағы республиканың индустриалды дамуы барысында экологиялық нормалар сақтамады және эко-қалпына келтірулер жүргізілмеді. Химиялық және металлургиялық зауыттар, мұнай және газ өндіруші компаниялар жыл сайын елдегі эко-жағдайды нашарлатуда. Өнеркәсіптің даму қарқыны, еліміздің өсуі мен болжанған ресурстар тапшылығы, еліміздің Үкіметін, экологиялық мәселелерді жаңаша қарауға және Қазақстанды жасыл экономикаға өтуіне итермеледі.



2013 жылы 1 маусымда Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл эко­номикаға» өту тұ­жырымдамасы бекітілді. Бұл бастама Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған болатын. Бұл концепция Қазақстан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын көтеруді, сапасын жақсартуды және елдің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруде қоршаған табиғи орта мен табиғи ресурстарға ең аз мөлшер деңгейінде ғана жүк артуды мақсат ете отырып, экономикадағы терең, жүйелік өзгерістердің негізін қалайды.

«Жасыл» экономикаға ауысуда ел алдында мынадай негізгі міндеттер тұр: 1) қорларды (су, жер, биологиялық т.б. ресурстардың) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру; 2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу (инфрақұрылымды жетілдіру); 3) қоршаған ортаға жүкті азайта отырып, халықтың әл-ауқаты мен қоршаған өмірдің сапасын арттыру; 4) ұлттық қауіпсіздікті, оның ішінде су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тұжырымдаманы іске асыру 3 кезеңде жоспарланады: 1-ші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғатты пайдалану қызметінің тиімділігін арттыру, «жасыл» инфрақұрылымды құру; 2-ші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу; 3-ші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы. Сондай-ақ «жасыл» экономикаға көшу аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жылумен қамту жүйесін толықтай ауыстыру, «таза көлікті» дамыту, энергия менеджерлерін дайындайтын «жасыл» бизнес академиясын ашу және т.б. жоспарланды.

Бұл құжаттың не­гізгі бағыттары табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, оның инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындардың әл-­ауқатын қоршаған ортаға түсетін салмақты азайта отырып жақсарту, ұлттық қауіпсіздік – оның ішінде су қауіпсіздігін арттыру болып белгіленді.



Экономика секторлары бойынша Тұжырымдаманың нақты міндеттерін іске асырудың құралдары ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, құрғақшылыққа, жердің тозуына қарсы күрес және топырақтың құнарлылығын арттыру, балық шаруашылығын, аквадақылдарды дамыту мен балық ресурстарын молықтыру сияқты мәселелерге жаңа екпін түсірілетін және түзетілетін «Агробизнес-2020» Қазақстан Республикасында агорөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, аумақтарды дамыту бағдарламалары, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы, Су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен басқа да салалық бағдарламалар сияқты, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілетін қолданыстағы бағдарламалық құжаттар болып табылады.

Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономика» шеңберіндегі жаңартулар жалпы ішкі өнімді 3 пайызға қосымша ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетулердің жаңа салаларын қалыптастыруға, халық үшін сапалы өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Жасыл» эконо­микаға көшу жөніндегі тұжы­рымдамасына сәйкес, алдағы 20 жыл ішінде елімізде инфра­құрылымды жаңарту және дамыту тиіс. Ол үшін 2030 жылға қарай ғимараттардың 55 пайызы мен электр стансаларының 40 пайызын жаңадан са­лу көзделген. Сонымен қатар, автокөлік паркінің 80 пайыздан астамы модернизациялануы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет