1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні



бет142/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   163
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен басқа да ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жеті негізгі жалпы ұлттық құндылықтары:

1) Тәуелсіз Қазақстан және Астана (еліміз тәуелсіздіктің барлық белгілеріне ие, ішкі, сыртқы саясатын дербес жүргізеді, БҰҰ-на, т.б. ұйымдарға мүше. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – біздің ортақ патриоттық құндылығымыз. 1997 ж. Астана қаласының мемлекетіміздің астанасы болуы жөнінде шешім қабылданды, 1998 ж. астана Алматыдан Астанаға көшірілді. Астана – біздің ұлттық мақтанышымыз, барлық еліміздің барлық аймақтарының дамуына түркі болды. Тәуелсіздікті қадірлеу және Астананы сүю – Қазақстан патриоты мен азаматының маңызды қасиеттері);

2) Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім (елімізде түрлі ұлт өкілдерінің келісім орын алған, ол Ата заңымызда, басқа да заңдарда бекітілген. 1995 ж. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылған, барлық ұлттар тең құқықты. ҚР-ның әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру);

3) Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық (еліміз зайырлы мемлекет, дін мемлекеттен ажыратылған, олар бір-біріне қолдау білдіреді, діни еркіндік. Балалар мен қарт адамдарды қамқорлау, қоғамның негізі ретінде отбасын нығайту дәстүріне сүйенетін патриотизм, жаңғыру, табыс пен жоғары адамгершілік рухы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы және одан арғы ілгерінді дамуының негізі болады);

4) Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу (экономикалық өсу – біздің маңызды міндетіміз, ғылым мен білімді өндіріспен біріктіру, инновация, жаңа технологияларды еншізу. Мықты индустриялық база инновациялық өрлеуге ауысу негізі болады, экономикада инновациялық өсу нүктерлерін жасауға мүмкіндік береді. Тек осы негізде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті қоғам болады.

5) Жалпыға бірдей еңбек қоғамы (тұрғындарды жұмыспен қамту, еңбек адамын мадақтау, лайықты, адал еңбек, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік оптимизм);

6) Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (тарихымызды, мәдениетімізді білу, құрметтеу, дамыту, мәдени мұрамызды сақтау, дамыту; мемлекеттік тілдің мақсаты – барлық қазақстандықтардың ортақ тілі болу. Әр нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастармызға оны меңгеруге көмектесу. Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу).

7) Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы (ұлттық қауіпсіздік өңірлік, жаһандық қауіпсіздікпен байланысты. Әлемдік мәселелерді шешуге қатысудың бір түрі G-GLOBAL жобасына қатысу, бұл барлық мемлекеттердің, қоғам қайраткерлері, халықаралық қатынастардың субъектілері, саясаткерлер, мемлекет басшылары, сарапшылар, ғалымдарды жаһандық мәселелерді бірігіп, шешіп, дағдарыстан шығу жолдарын табуға бағытталған виртуалды жоба. ҚР бұл жобаға да қатысуда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет