1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты мен міндеттері



бет143/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   163
67. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаты мен міндеттері. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.

Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері (7): 1. Тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру. 2. Индустриялық инфрақұрылымды және туристік инфрақұрылымды дамыту. 3. Бірыңғай электр энергетикалық жүйе шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту. 4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау мен су бұру желілерін жаңғырту. 5. Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру. 6. Білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту. 7. Кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу:1) 2019 жылы 2014 жылға қарағанда Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 32,7 %-ға өсуін қамтамасыз ету; 2) 2015 – 2019 жылдары 402,6 мың адамға арналған жұмыс орындарын құру; 3) 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) рейтингін 53-орынға дейін жоғарылату.

Қаржыландыру көздері мен көлемі: 1) ҚР-ның Ұлттық қоры есебінен жалпы шығыстар: 2015 ж. – 621 млрд. теңге; 2016 ж. – 525 млрд. теңге; 2017 ж. – 3 млрд. АҚШ долларына дейінгі баламаны құрайды. 2) Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен қоса қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8,97 млрд. АҚШ долларын құрайды. 3) Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру 215,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: 2015 ж. – 31,3 млрд. теңге; 2016 ж. – 30,6 млрд. теңге; 2017 ж. – 61,1 млрд. теңге; 2018 ж. – 72,1 млрд. теңге; 2019 ж. – 20 млрд. теңге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет