6. Сананың ашықтығы. Ағылшын тілін жаппай, жедел үйренуіміз керек. Бұл жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді: 1) Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді; 2) жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз, 3) бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
ІІ-бөлімде Президент қоғамдық сана жаңғырудың нақты жобаларына тоқталады: 1) латын әліпбиіне көшіру; 2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім; 3) «Туған жер» бағдарламасы, патриотизм; 4) халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы; 5) мәдениеттің де бәсекелік қабілетігі; 6) бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихы. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.