1) Латынәліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажет. 2025 ж. бастап барлық салаларда латыншаға көшу басталады. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, ХХІ ғасырдағы ғылым, білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектептегі балалар ағылшын тілін оқып, латын әріптерін үйреніп жатыр. Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде уақытша кириллица да қолданылады.
2) Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алынады. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасалуы тиіс. Гуманитарлық білім бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз.
3) Патриотизмтуған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. «Туған жер» бағдарламасын қолға алынып, ол «Туған елге» ұласады. Бағдарламаның мәні: 1) білім беруде өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға баса мән беру, жергілікті тарихи ескерткіштер, мәдени нысандарды қалпына келтіру; орта мектепте туған жердің тарихын оқыту, есімдері ел есінде сақталған перзенттерін жас ұрпақ білуі тиіс; 2) басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері, жастарды ұйымдастырып, қолдау; 3) жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен, жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Қалаларды көгалдандыру, мектептерді компьютерлендіру, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасау, музейлер мен галереялар қорын байыту. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.