1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-бағыт. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру



бет133/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

5-бағыт. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру (91-100 қадам). Мониторингтіӊ, бағалау мен бақылаудыӊ стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу. Бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. Мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру, мемлекеттік бағдарламаларды қосып, санын қысқарту. Аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау 3 жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардыӊ нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады.

«Ашық үкіметті» енгізу. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеу, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заӊмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттыӊ ашықтығын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар басшыларыныӊ халық алдында стратегиялық жоспарлар,и аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардыӊ есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларыныӊ өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу.

Орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитініӊ нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтіӊ сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттіӊ орындалуы туралы есеп жарияланатын болады.

Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маӊыздағы қала деӊгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады. Облыс орталықтарында және республикалық маӊыздағы қалаларда азаматтардыӊ тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуыныӊ тетіктері жұмыс істейді.

Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заӊмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.



Канададағы Сanada service және Австралиядағы Сentrelink үлгісі бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады. Мемлекеттік қызметті сапа менеджменті ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет