1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және оның құрамдас жеті құндылықтары



бет141/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

66. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және оның құрамдас жеті құндылықтары. Мемлекеттік идеология – болашағымызға бағдар беріп, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Ұлттық идея – тарихи ахуалға қарай этностың немесе мемлекеттің мұраты (идеалы, алға қойған мақсат-мұраты). Мұратсыз ұлт та, мемлекет те жер бетінде болмаған.

Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру мәселесі аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан-2030» стратегиясы (1997), Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды.



2012 ж. желтоқсанда Қазақстан – 2050 Стратегиясы жарияланды. Онда «Мәңгілік Ел» туралы алғаш рет айтылды. «Мәңгілік ел» – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, 2014 ж. 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа кезекті «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы екенін айтты. Осы жолдауда жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың идеялық негізі болатын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының басты принциптері алғаш рет ресми түрде жарияланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет