1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


«Жасыл экономика» - мемлекеттің жаңа тұрақты даму векторы



бет138/163
Дата14.02.2022
өлшемі343,11 Kb.
#25518
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   163
Байланысты:
Саясаттану 2018 (1)

65. «Жасыл экономика» - мемлекеттің жаңа тұрақты даму векторы. «Жасыл» экономика – қоршаған табиғи ортаға зиян келтірмей, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, экономиканы дамыту жолы. «Жасыл экономика» ең алдымен, қазіргі кезде азая бастаған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді, тиімді түрде пайдалануға бағытталған. «Жасыл экономика» ХХІ ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр. Жасыл экономика дегеніміз мемлекеттердің экономикалық даму саясатының өнеркәсіп өндірісінің өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделуі. Жасыл экономиканың негізіне таза немесе «жасыл» технологиялар алынған, мамандардың пікірінше, «жасыл» экономиканың дамуы елдердегі экологиялық дағдарысты болдыртпауға мүмкіндік береді.

«Жасыл экономика» мағынасы өте кең ұғым. Бұл ұғымға энергия үнемділігі, экологияның тазалығы, экологиялық таза әрі пайдалы өнім өндіру, қалдықсыз өндіріс (қалдықтың өзін кәдеге жарату) сияқты ел үшін аса маңызды жағдайлар кіреді.

Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты көптеген мәселелер бар. Күн сайын табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта ластанып жатыр. Адамдардың денсаулығы нашарлап, бұрын адам баласы естімеген ауруларға кезігіп, су және энергия ресурстарының тапшылығы байқалып отыр. Қазіргі заманда экологиялық мәселе – адамзаттың жаһандық мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да адамзат үшін жасыл экономикаға көшу міндетті болып отыр.

Әлем елдері бірін­ші кезекте – экология, одан кейін – экономика деген сөзді ұран етуде. Бұл жаңа көзқарас, жаңа формат, жаңаша ойлау тәсілі, жаңаша өмір салты. Кезінде жүзеге ас­қан индустриялық даму мен ши­кі­зат көздерін пайдалану «қоңыр эко­номика» болып артта қалды. Қа­зір «қоңыр экономикадан» жасыл экономикаға өту бастамасын дамы­ған және дамушы елдердің басым бөлігі алға мақсат етіп отыр.

АҚШ, Қытай, Жапония т.б. мемлекеттер «жасыл экономика» идеясын іске асырған. Қытайда күн энергиясымен жүретін автомобильдер шығарылады. Дания, Германия сияқты елдер түгел бір ауыл халқын жел энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Германия, Оңт. Корея «жасыл» экономиканы дамытуда алдыңғы орында. Яғни басқа мемлекеттер бұл экономикаға әлдеқашан көше бастаған. Олар «жасылдануды» дамыту бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет