1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент
депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-
Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкін
өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары
сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат
депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы
туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты
материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған
жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi
сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-
аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм
қабылдайды.
Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545
Конституциялық заңдарымен.
100-бап. Конституциялық Кеңестiң Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы
туралы мәселенi қарауы
1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының,
Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика
Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде
берiлуi мүмкін ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда
Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл
жағдайда сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла
тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң
дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты
материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық
бөліністердің аумағында партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауын
Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл
әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта
дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.
4. Конституциялық Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс
депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық
сайлау комиссиясы оны жарамсыз деп тану және Қазақстан халқы Ассамблеясы
сайлайтын Мәжіліс депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: