беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған
партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар
дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша
бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы
бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны
квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік — партиялық
тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады.
Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде
қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық
мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған
жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық
тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде
кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат
бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы
партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін
тоқтату үшін негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: