ІІ. Харизматикалық лидерлік. Елден ерек, айрықша жеке қасиеттерінің арқасында
тұлғаның ерекше құндылығын әлеуметтік топтың тануы. Харизманың қалыптасуы
тұлғаның өмірі мен қызметін белгілі бір тұрғыда мифологияландырумен байланысты.
Харизматикалық лидерлер адамдардың қалың бұқарасын тартатын ірі, түпкілікті қайта
өзгерістердің қажеттілігі туындайтын әлеуметтік дағдарыстар кезеңінде пайда болады. Дін
Адам-Құдай мәртебесін берген Иса пайғамбардың (егер осы тұлға шынымен өмір сүрген
болса), Мұхаммед пайғамбардың харизматикалық лидерлер екендігі даусыз.
Харизматикалық лидерлер қатарына Махатма Ганди, В.И.Ленин және басқа да саяси
қайраткерлерді жатқызуға болады.Харизматикалық лидерлердің ойлары мен сезімдері,
қызметтері – ірі әлеуметтік қозғалыстардың белгісі болып саналатындықтан, де олардың
ықпалы өлгеннен кейін ұзақ уақыт бойы сақталынады. Бірақ шынайы өмірде бұқараның
әлеуметтік үміті ақталмайды, сондықтан уақыт өте келе харизматикалық лидер өз
ықпалын жоғалта бастайды.
ІІІ. Ресми-бюрократиялық лидерлік. Ол бюрократиялық жүйеде болады және лауазымдық
лидерлік болып табылады. Бюрократиялық жүйе қатаң иерархияланғандықтан,лидерлік
функция осы жүйедегі жоғарғы эшелонның өкіліне беріледі. Мұндай лидерлік тұлғаның
жүйе құндылықтарын берік ұстанушылығын, жүйедегі мінсіз жүріс-тұрысын, басқару
тәжірибесін, жеке қасиеттерін, жүйе ішіндегі байланыстары мен қолдауын ескере отырып
ішкі сұрыптау негізінде қалыптасады. Мұнда тұлғаның көрнектілігі мен таланты басты
емес, функционалдық міндеттерді қатаң орындау, тәртіптілік, аппараттық жұмыс
мәдениетін игеруі мейлінше құнды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: