Тұлғаның саяси әлеуметтенуіне қатысты қалыптасқан концепцияларды екі топқа бөліп
көрсетуге болады:
1.
«Бейімделу» теориясы – саяси әлеуметтенуді жеке адамның қалыптасқан саяси
жүйеге бейімделу процесі, деп түсіндіреді.
2.
«Іс-әрекеттік» теориясы саяси әлеуметтенуді жеке адамның да қалыптасқан саяси
жүйенің де екі жақты белсенділігіне негізделген процесс.
Саяси әлеуметтенудің механизмдері адам мен саяси жүйенің
өзара әрекетінің бірнеше
дәрежелерінде қалыптасады. Әлеуметтік дәрежеде (тұтасымен қоғам және ірі топтар) жеке
адамға жұмыссыздық, зорлық, террор, т.б. макросоциологиялық факторлар әсер етеді.
Соғыс қаупі, экологиялық катастрофалар және басқа да жаһандық мәселелер қазіргі
уақытта қоғам, ұлт, таптар дәрежесінде әсер ететін саяси әлеуметтенудің дәстүрлі
макрофакторларын толықтырады. Әлеуметтік-психологиялық дәрежеде саяси мақсаттар
мен құндылықтар жеке адамға ірі және кіші топтар арқылы да жеткізіледі. Бұл дәрежедегі
саяси әлеуметтену механизмдерінің ішінен маңыздырақ
болып есептелетіндерге
еліктеу, сендіру, саяси үйрену және жеке адамның
өзін қандай да бір саяси
тұтастықпен теңдестіре қарауын жатқызуға болады. Жеке адам дәрежесінде саяси
әлеуметтенудің механизмі ретінде оның санасы мен мінез-құлқына басшылық ететін
қажеттілік, мотив, құндылық бағыт-бағдарды атап көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: