Қазақстанның сыртқы саясаты.
Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым – қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі — бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады. Сондай – ақ, мемлекеттің географиялық жағдайы, оның стратегиялық маңызы, этнодемографиялық құрылымы, тарихи қалыптасқан дәстүрлері, жер қойнауының байлығы сияқты факторлар да оның халықаралық қауымдастықтағы беделі мен мәртебесін, сыртқы саясаттың қадау принциптерін анықтауда шешуші роль атқарады
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түсіп, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға бағыт алғаннан бергі уақытта дүниежүзілік қоғамдастықта ылайықты орын алуға барынша қызмет істеп келеді. Бүгін таңда әлемнің 150- ге жуық мемлекеті оның тәуелсіздігін танып, 100 – ден астам елмен дипломатиялық қарым қатынасқа түсіп, экономикалық, ғылыми- техникалық, мәдени байланыстар дамытуда. Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне ұлы державалардың тарапынан кепілдік берілді. Оның Еуропа мен Азияның түйілісіне орналасуы, табиғи байлықтар, ұлан – асыр аумағы, көп ұлтты этнодемографиялық құрылымы – сыртқы саясатты анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |