1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет2/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді.
Ең алғашқы саяси кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде де «Саясат » ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады.
Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы құрылды.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері саясатанушы мамандар дайындайды.
Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін саясаттанудың ғылым ретінде мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген көзқарас өзгере бастады.
1989 жылдан бері Жоғары Аттестатциялау Коммисиясында саясаттанудан эксперттік сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника саласы бойынша мемлекеттік комитеті «саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкендерінің тізімі ресми түрде бекітті. 1989-1990- оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану өтіле бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Сонымен қатар мемлекет саясаткер-политолог мамандығын мойындап, жоғарғы оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай бастады.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызды. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді.
Сонымен қатар саясаттану экономикалық теориямен де өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету, сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет