1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Бүкіл әлемдік проблемаларды төрт топқа бөлеміз



бет65/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Бүкіл әлемдік проблемаларды төрт топқа бөлеміз:
• әлеуметтік-саяси сипаттағы проблемалар: яролық соғыстың өртін өшіріп, қарулану процесін ауыздықтау, мемлекетаралық, ұлтаралық және аймақтық шиеленістерді бейбіт жолмен шешу, халықтар арасында өзара сенім мен сыйласым дәстүрін орнықтырып, қауіпсіздік жүйесін нығайту, ақпараттық ағымдарды игілікті пайдалану;
• әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемалар: артта қалуды, кедейшілікті жою, энергетикалық, шикізаттық, ішіп-жемдік, демографиялық дағдарыстарды реттеп, олардан шығу жолдарын бірлесіп іздеу;
• әлеуметтік-экологиялық проблемалар; қоршаған ортаны, табиғатты күтімге алып, ұқыпты пайдалану;
• адам проблемасы. әлеуметтік, экономикалық, саяси құқықтар мен бостандықтарға өміршеңдік сипат беру, надандықтың жолын кесіп, рухани дамуға жол ашу, қасіретті аурулармен тізе қосып күресу.
Бүгінгі таңда дүниенің өзара жауласқан, антогоистік саяси – экономикалық екі жүйеге бөлінуі ыдырады. Екі полюстік текетірес көп полюсті қарым – қатынасқа негізделген адамзат – қоғамының қауымдастығына ығысып орын берді. Әлемдік маңызы бар саяси мәселелерді шешуге барлық мемлекеттер өз үлестерін қосатын болды. Жер шарының бір түкпірінде бой көрсеткен шиеленіс болса, оған бүкіл дүние жүзі елең етіп, жауапкершілікпен қарайтын болды. Бұл ретте халықаралық ұйымдардың, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен арнаулы мекемелерінің отырған игілікті әрі ықпалды іс - әрекеттерін ерекше атаған жөн.
Қазіргі заманғы әлемдік саяси үрдістердегі ағымдар:
• Нарықтық қатынастардың әлемді тұтас қамтып, қанат жаюда;
• Мемлекеттердің басым көпшілігінде демократиялық қатынастар орнауда;
• Авторитарлық – тоталитарлық саяси режимдердің ыдырауы;
• Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өскелең сипат алуы;
• Халық бұқарасының саяси оянуы және ұлттық сана-сезімнің арта түсуі;
• Қалың көпшіліктің саяси үрдіске қатысуға ұмтылуы;
• Жалпы адамзаттық құндылықтардың алдыға шығып, қоғам дамуының, оның қауымдастық есебіндегі бір тұтастығының өзегіне айналуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет