1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субьектілері



бет66/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

19. Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субьектілері
Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси, диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар: әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялық жағдай; жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.
Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері: халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік, регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының негізгі тенденциялары:

  • әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы;

  • халықаралық қатынаста көпұлтты жүйенің пайда болуы;

  • әлемдегі әлеуметтік әр тектіліктің сақталуы;

  • қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы;

  • проблемаларды шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың шынайылығы арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуі;

  • бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар, қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.

Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдардың ролінің артуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.
Халықаралық қатынастар теориясы - ортақ заңдылықтарға негізделген құрылымдары бар халықаралық қатынастар жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын зерттейді.
Субъектілердің барлық санаттарына тән негізгі құқықтар:
- басқа субъектілермен өзара әрекеттесу;
- олардың субъективті өкілеттіктерін жүзеге асыру;
- заңды құралдармен қарастырылған өз құқықтарын қорғау.
Субъектілердің барлық санаттарына тән міндеттер:
- басқа субъектілердің мәртебесін құрметтеу;
- халықаралық принциптер мен нормаларды адал сақтау.
Субъектілердің халықаралық аренадағы қызметі халықаралық құқық пен өздерінің ұлттық мүдделері негізінде мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеуге әкеледі. Дипломатия - бұл мақсаттарға қол жеткізудің басты саяси құралы: келіссөздер, конференциялар, сапарлар, жиналыстар әлемдік ұйымдармен ынтымақтастыққа ықпал етеді. Саяси құралдардан басқа экономикалық, әскери, ақпараттық-насихаттық құралдар да бар. Сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет экономикалық құралдарды, елдің экономикалық әлеуетін пайдаланады.
Халықаралық қатынастар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет