Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі-- этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүкін. Ондай этнос негізі үш мақсатты алға қояды: – автономия мен өзін-өзі қамтамасыз ету;
– белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
– өз мәдениетін жалпы мемлекеттік мәдениеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі -түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралық қақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, грузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және т.с.с. Жанжалдар.Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық мемлекеттік құрылым мәселелерінің және т.б.б жатыр.
Әдете ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары. Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың сезімдеріне ойнап, наразылық тудырады.
Ұлтаралық саясат саласында біздің елемезде бірталай іс істелуде.1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә:Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол республикалық барлық ұлттық- мәдени орталықтарды қамтиды. Ұлттық саясат саласында жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау жасайды. Мысалы, “Қоғамдық бірлестіктер туралы”, “Мәдениет туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” және т.б. Заң жобаларына қорытынды дайындап, Парламентке жіберді.
Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде кездеседі. Мысалы, 1999 ж. Казимарчук деген содыр өз жақтастарымен Өскеменде төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия жоспарын қазақстандық арнаулы органдар дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса қалса Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны сөзсіз еді.Сондықтан барлық жұртшылық болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандықты, отансүйгішті республика тұрғындарының бойларына сіңіріп, жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай сақтап,оның гүлденіп, көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай озық еңбек етуіміз керек.