1. Септік жалғауларының қалыптасуы


Заттың, процестің пайда болған, бөлініп шыққан объектісін білдіруде қоданылады



бет15/21
Дата31.12.2021
өлшемі177,5 Kb.
#23152
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Септік жалғауларының мағынасы

Заттың, процестің пайда болған, бөлініп шыққан объектісін білдіруде қоданылады: Табғачда адырылты, қанлатты (Т)-Табғачтан айырылып, ханды болды. Теңрі тег теңріде болмыш түрк білге қаған...-Тәңрідей тәңріден жаралған түріктің білгір ханы.

Жатыс жалғауы, сонымен бірге, барыс септік қызметінде қолданылуы да ұшырасады: йарыс йазыда он түмен сү терілті (КТ)-Жарыс жазығына оң мың әскер жиналды. ...бунда ұртым (КТ)-Осыған жаздым. ...бу қамар сүресі меккеде інді-...бұл сүресі Меккеге түскен.Қазіргі қазақ тілінде барыс пен жатыс жалғауларының ауысып қолданылуы кейбір жеке етістіктердің лексика-грамматикалық ерекшелігіне бағынышты. Жаз, жинал, қой тәрізді етістіктер бірде барыс, бірде жатыс септігіндегі сөздерді меңгереді. Бұл ыңғайда жатыс, я барыс септігінің қолданылуы контекстік мағына және сөйлеушінің мақсатына байланысты. Ескі жазбалар тілінде жатыс жалғаудың кейде табыс орнына айтылуы да ұшырасады: Ол ат тегірінде буқтурды (МҚ). – Ол атттың пәсін төмендетті. Осындай қолданыс Алтын Орда ескерткіштерінде де бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет