1 Шақ категориясының теориялық негіздері


КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы



бет2/14
Дата07.01.2022
өлшемі80,95 Kb.
#19472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Мөлдір -2-тексеріс

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Тіл білімінің бүгінгі даму сатысында тілді антропоөзектік парадигмада қарастыру грамматикады да өз көрінісін табуда. Жалпы антропоөзектік мәселесі тіл білімінде екі бағытта қарастырылады: бірі- адам факторының тілдегі көрінісі тұрғысынан зерттелсе, екіншісі – адам тілді қалай қолданады деген мәселені қарастырады.

Тілдің өзара бір-бірімен тығыз байланыста танымдық және коммуникативтік қызметін антропоөзектілік бағытта қарастырғанда бұл екеуінің диалектикалық бірлігі ашыла түседі. Тілдің қызметі алдымен қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы, адам ойының материалдық көрінісі болғандықтан, тілдің аталған екі қызметі де әлемді, дүниені танушы белсенді субъект, сол дүниенің тілдік бейнесін жасаушы басты тұлға – адамға бағытталады. Адам дүние-болмысты танып қана қоймайды, танылған заттар мен құбылыстарды тіл болмысына енгізеді. Бірақ бұдан ақиқат дүниенің барлығы тілден көрініс табады деп түсінбеу керек. Адам қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды алдымен түйсік арқылы қабылдағаннан кейін санада қорытып барып, осы сана қызметі арқылы тілде бейнелейді. Сондықтан да әр халықтың ұлттық санада қалыптасқан стереотиптер жүйесі ғаламның тілдік бейнесін жасайды.

Ғаламның тілдік бейнесі қазіргі линвистикалық зерттеулерде лексикологиялық, фразеологиялық жүйеде когнитивті лингвистика тұрғысынан қарастырылып, жүйелі түрде зерттеліп жүр. Ал осы когнитивтік таныммен біте қайнасып жатқан грамматикадағы танымдық жүйе тілімізде соңғы кездері ғана зерттеліп жатыр.

Таным – ой қызметінің жемісі. Адам ой қызметі арқылы болмысты танып-біледі. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас та ой қызметінің негізінде жүзеге асады. Сондықтан ой қызметі мен тіл қызметі тығыз бірлікте тұрады. Тілдің лексикасы ғана емес, грамматикалық жүйесі де адам ойының материалдық болмысы. Яғни адамның ақиқат дүниені тануы – адам санасындағы идеалды болмыс болса, оның материалдық тұлғасы – тіл.

Адамның күнделікті іс-әрекеті, іс-қимылдары белгілі бір уақыт аясында жүзеге асады, яғни уақыттың бойында іске асқан немесе болып жатқан яки ендігі болатын іс-әрекеттер бар. Іс-әрекеттің уақыт межесінде іске асуын шақтық категория деп атаймыз. Ғылыми түрде шақ категориясына көптеген зерттеуші ғалымдар анықтамалар беріп, оларды өз ішінде бөліп қарастырған.

Қарым-қатынас кезінде адам тілінде шақтық категория туады. Тілдік тұрғыдан жасалу жолына, айтылу уақытына, іс-әрекеттің болған мезгіліне байланысты шақтық категориялар өз ішінен бөлінеді. Оны көптеген ғалымдар өз түсінігі, өз дәлелдері бойынша зерттеп, ұсынып жүр. Бәрін салыстыра келе, ешқайсысын бөле-жара қарастыра алмаймыз, себебі бәрінің жіктеу тұрғысында, ішкі бөлулерінде ұқсастық бар. Демек бәрі бір категорияның айналасында зерттелген болып табылады.



Қазақ тіл білімінде бала тілінің шығуы мен даму тұрғысы ғылыми мәселе ретінде теориялық жақтан да, тәжірибелік тұрғыдан да арнайы зерттеліп толық жүйеленген жоқ. Бұл тек баланың тіліндегі ерекшеліктерді айқындау үшін ғана емес, жалпы адамзат тілінің, сөйлеу тілінің дамуы мен қалыптасуын баланың ана тілін меңгеру заңдылықтарын үздіксіз процесс ретінде ашып қана қоймай, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне ана тілінен кейінгі екінші тілі ретінде оқытудың әдістемесіне тиімділігіне ықпал етеді. Баланың ана тілін меңгеруі және шетел немесе екінші тілді үйренуі бір-бірне қарама-қарсы жүретін екі түрлі процесс. Алайда осы екі процесс те бала тілінің, шетел немесе екінші тілді үйренушінің тілінің шығуына, дамып қалыптасуына жұмыс жасайды да, бір ортақ нәрсеге келіп тоғысады. Қазақ баласының ана тілін меңгерудің ұтымды заңдылықтарын қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету процесіне тиімді пайдалануға болатындығы іс жүзінде дәлелденіп отыр. Сондықтан да тілдегі әр грамматикалық категориялардың бала тіліндегі көрінісін зерттеудің маңызы аса зор болуы жұмыстың өзектілігін танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет