1 Шақ категориясының теориялық негіздері



бет5/14
Дата07.01.2022
өлшемі80,95 Kb.
#19472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қимылдың өту мерзімі мен сөйлеу сәтінің арасындағы контактілік (жақындық) және дистанттылық (алшақтық) қатынас. Қазақ тілінде етістіктің шақ формалары арқылы шақтық мағына жалпы түрде ғана беріледі. Қимылдың өту мерзімінің жақын аралықта не өте ұзақ мерзім аралығында болатыны негізінен пысықтауыштық нақтылағыштар арқылы белгілі болады. Мысалы: ертеде, көп жыл бұрын, қазір ғана, көп уақыттан соң т.б.

Өткен шақ әртүрлі тілдік құралдармен беріліп, көбінесе қимылдың өту мерзімі сөйлеу сәтінен көп уақыт бұрын болған қимылды білдірсе, ал келер шақ сөйлеу сәтіне жақын арада болған оқиғаны білдіруге бейім болады. Демек, өткен оқиғаға – қашықтық (ұзақтық, алшақтық), келер шақта болатын қимыл-әрекетке – жақындық меже тән.

Қазақ тілінде сөйлеу сәтінен көп бұрынырақ болған оқиғаны баяндау синтаксистік құралдармен ғана емес, грамматикалық формалар арқылыда беріледі. Мысалы: -ып + ты: Баяғыда бір бай болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты; -а+ды+екен: Ол жылына бір рет жер шарын аралауға шығады екен.

Мұндай құрылымдар ертегілерде лексикалық нақтылауыштар (баяғыда) көбінесе ертегі басталарда айтылып, қалған жағдайда лексикалық нақтылауышсыз, грамматикалық формалар арқылы беріле береді. Жоғарыдаығ болыпты, шығады екен деген сияқты құрылымдар лексикалық нақтылауышсыздар-ақ сөйлеу сәтінен көп уақыт бұрын болған оқиғаны баяндап тұр.

Сонымен, қазақ тілінде қимыл-әрекеттің жақын немесе ұзақ уақыт аралығында өтуін білдіру негізінен лексиканың еншісіне тиеді, яғни пысықтауыш қызметіндегі лексикалық нақтылағыш құралдар арқылы беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет