1 Шақ категориясының теориялық негіздері



бет9/14
Дата07.01.2022
өлшемі80,95 Kb.
#19472
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Мөлдір -2-тексеріс

Қатынастық ұстаным деп грамматикалық формалардың өз мәнінен емес, сөйленімнен көрінетін шақтық межені алып қарастырдық. Бұл ұстаным бойынша шақтың өткен шақ парадигмасына қатыстық шақ түрін қосқан ғалым – Ы. Маманов. Аралық (контекстік) ұстаным өткен шақ, осы, келер шақ парадигмаларының барлығына ортақ «ауыспалы осы шақ» түріне қатысты.

Жоғарыда шақ категориясының жіктемелік белгідерін қарастырып, шақты жіктеуге негіз болған жеті ұстанымды атап көрсеттік. Қорытындылай келе, үлкен макроттоптарын осы шақ, өткен шақ, келер шақ деп бөлуге – векторлық ұстанымның, ал жекелеген ішкі субкатегорияларын жіктеп шығаруға, көбінесе – модальдық, екінші орында – аспектілік мағынаның (белгінің) негіз болғанын анықтадық.

Қазақ тіл білімінде жалпы шақ категориясының анықтамасы ғана емес, оның өзера жіктелуі мен жасалу жолдарында да ғалымдар арасында бірізділік жоқ. Дипломдық жұмысымызда осы шақ категорияларын жіктеуге байланысты ғалымдардың пікірі мен анықтамасын ескере отырып шақ түрлерін оларды зерттеген ғалымдармен бірге қарастырайық.

Өткен шақтың жүйелі-құрылымдық парадигмасы және өткен шақ тұлғаларының тілдік функциялары. Өткен шақты құрамдық (формальдік), модальдық (семантикалық), векторлық ұстанымдарға қарай бөліп, мынадай қорытынды-тұжырым шығады:



    • өткен шақ өзі сипаттас осы шақ, келер шақ түрлерінен жіктелу

тарихында семантикалық топтарының, субкатегорияларының көптігімен ерекшеленеді. Құрамдық ұстанымы бойынша өткен шақ тұлғаларын жалаң және күрделі деп бөлуге болады, алайда бұлай бөлу өткен шақ жіктемесіндегі негізгі жіктеу ұстанымыболып саналмайды. Олар грамматикалық өткен шақты жасаудың синтетикалық және аналитикалық тәсілі, жолы болып табылады;

ұстаным шешуші белгі қызметін атқарған. Модальдық белігсі бойынша өткен шақ тұлғаларын ең көп мағыналық топқа бөлген ғалым -Қ.Жұбанов. Сонымен қатар мұндай ұстанымды қазақ ғалымдарынан Т.Қордабаев пен А.Ысқақов өткен шақ жіктемесінің негізгі критерийі етіп алған;

    • векторлық ұстаным Ы.Маманов сонымен қатар басқа да қазақ

грамматикалырынң көпшілілігінде пайдаланылған. Академиялық грамматикалардың 1967 және 2002 жылы шыққан басылымдарында да өткен шақты бөлуде векторлық ұстаным басшылыққа алынған. Алайда векторлық ұстаным бойынша топтастырған ғалымдар еңбектерінде олардың модальдық мағыналары назардан тыс қалмаған, бірақ, олар өткен шақ тұлғаларының модальдық мағыналарын жіктемелік белгі ретінде алмай, жекелеген өткен шақ тұлғаларының, көрсеткіштерінің мағыналық ерекшеліктері тұрғысынан көрсетіп отырған.

    • Кейінгі зерттеу еңбектерінде өткен шақтың мағыналық топтарын

азайтып қысқартып беру үрдісін алған. Сонымен қатар бұрынырақ ғалымдар еңбектерінде дағдылы өткен шақ деп аталып жүрген -атын, -етін тұлғасын қазіргі кезде ауыспалы өткен шақ деп атау және мұндай контекстік тұлғаны (-а, -е, -й) шақтың басқа да мағыналық топтарында ауыспалы келер шақ, ауыспалы осы шақ деп атау дәстүрге айналған. Біз бұл ауыспалы деген терминді контекстік ұстаным ретінде қарастрыған. Өткен шақты жіктеу тарихындағы ы-атын, -етін тұлғасын дағдылы өткен шақ деп бөлу оның аспектілік мағынасына яғни қимылдың қайталануын білдіретін қимылдың өту сипаты категориясының мағыналық мазмұнына негізделген. Мұндай аспектілік ұстаным кейбір ғалымдар еңбектерінде (К.Кемеңгерұлы) аяқталмаған шақ (-ды, -ді), дағдылы өткен шақ (-атын еді, -ушы еді) түрлеріне қатысты шақ жіктемесіне негіз болған.

Жедел өткен шақ. Өткен шақ формаларының ішінде модальдылық мағынасы жоғы - -ды, -ді формасы. Шақ жіктемесінде бұл тұлғаны жедел өткен шақ деп атайды. Сөйлеу тілінің алдында ғана өткен қимылды ғана білдірмейтіні туралы айтылған ғалымдар пікірлеріне таладу жасалып, төмендегідей функционалды мағыналары анықталды: Векторлық ұстаным бойынша: 1) сөйлеу сәтінің алдында өткен шақта болған амал-әрекетті; 2) амал-әрекетінің жақын арада болып өткенін; 3) амал-әрекеттің сөйлеу сәтінен көп бұрын, ертеректе болып өткенін де білдіреді; Модальдылық ұстаным бойынша: 1) амал-әрекеттің анық болып өткендігін; 2) сөйлеушінің амал-әрекетін, оқиғаның болып өткеніне (өзі басы-қасында болғандай) сенімділік; Аспектілік ұстаным бойынша: 1) амал-әректтің бір-ақ рет болғандығын; 2) амал-әрекеттің аяқталмағандығын; 3) амал-әрекеттің өткен шақтағы қазіргі сөйлеп тұрған уақытқа қатыссыз динамикалық күйде өтуін білдіреді. Осы аталған мағыналық сипаттарына қарай ғалымдар -ды, - ді тұлғасын шақ жіктемесінде түрліше атап отырған. «-ды, -ді өткен шақ» тұлғасының терминдік аталымдары: К.Кемеңгерұлы «аяқталмаған өткен шақ» деп атаса, С. Аманжолов пен І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, Ы.Маманов, С.Исаев «жедел өткен шақ» деп атап кеткен.

Бұл қосымшаның өткен шақты білдірудегі семантикасына қарай ғалымдар жоғарыда аталған модальдық, векторлық, аспектілік ұстанымдардың барлығын да пайдаланған деуге болады. Бір тұлғаның бір жағынан, веткорлық сипатына қарай сөйлеу сәтіне жақын арада болып өткен амал-әрекеттің өту мерзімін білдіруі негізгі жіктемелік белгі болып саналса, екініш жағынан аталған тұлғаның өткен шақтағы амал-әрекеттің нақты болып өткендігі, сөйлеушінің сенімділігі сияқты модальдық мағыналары да үнемі ескеріліп отырған. Модальдық белгісіне қарай қазақ тіл біліміне анық өткен шақ «А.Ысқақов), айғақты өткен шақ (Т.Қордабаев) деген терминдермен аталып, өткен шақтың бір түрі ретінде шақ категориясының құрамында көрсетілген. Ал аспектілік ұстаным бойынша атау бірлі-жарым ғылыми еңбектерде (К.Кемеңгерұлы) ғана кездеседі.

Өткен шақ жіктемесінде -ды, -ді тұлғасын ғалымдардың дені жедел өткен шақ деп атайды. Бұл соңғы академиялық грамматикада да осы терминмен аталған. Алайда бұл өткен шақ тұлғасын жедел өткен шақ деп атаған ғалымдар оның модальдықғ аспектілік мағыналарын назардан тыс қалдырмаған, оларды -ды, -ді тұлғасын атаулы жіктемелік белгі ретінде ұстанбағанмен, аталған тұлғаның мағыналық сипаттары, функционалдық мағыналары тұрғысынан атап көрсетіп отырған.

Бұрынғы өткен шақ. Бұрынғы өткен шақтық мағына етістік түбіріне -ған, -ген есімше формасының жалғануы арқылы жасалады. Бұл аффикс жалғанып жасалған етістіктер сөйлеу сәтінен біршама уақыт бұрын болып өткен амал-әрекеттің өту мерзімін білдіреді. -ған, -ген тұлғасының функционалды мағыналары: Векторлық ұстаным бойынша: 1)амал-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болып өткенін; 2) іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен біршама уақыт бұрын болғандығын; 3) амал-әрекеттің сөйлеу сәтіне жақын аралықта болып өткенін; Модальдық ұстаным бойынша: 1)амал-әрекеттің (бірінші жақта жіктеліп қолданылған) анық айқын болғандығын; 2) үшінші жақта жіктеліп қолданылғанда амал-әрекеттің болып өткендігіне субъектінің сенімсіздігін; Аспектілік ұстаным бойынша: үшінші жақта жіктеліп қолданылғанда амал-әрекеттің жалпы түрде болып өткендігін т.б. Осы аталған мағыналық сипаттарына қарай ғалымдар -ған, -ген тұлғасын шақ жіктемесінде түрліше атап отырған. «-ған, -ген өткен шақ» тұлғасының терминдік аталымдары: Қ.Жұбанов «аулақ өңді өткен шақ» деп атаса, А.Ысқақов «анық өткен шақ», Т.Қордабаев «айғақты өткен шақтың бұрынғы түрі», Н.Сауранбаев «Аулақ өңді өткен шақ», сонымен қатар С.Аманжолов, І. Кеңесбаев, Ы.Маманов «бұрынғы өткен шақ» деп атау берген екен.

-ған, -ген формасын бұрынғы өткен шақ деп атаған ғалымдар оның үнемі бұрынғы өткен шақ мағынасын білдірмейтінін, -ды, -ді қосымшасына синоним ретінде де қолданыла алатынын, сонымен қатар бұл екі форманың арасында мағыналық реңктерінде айрымашылық бар екенін, бірақ сол реңктік айырмашылықтарына қарамастан, бірінің беретін мағынасын екіншісіне бере алатынын көрсеткен. Бұған қоса -ған. -ген формалы етістік сөйлеу сәтінен қанша уақыт бұрын болған оқиға, амал-әрекет екендігін жалпы уақыт кесіндісі арқылы көрсете алатынын, ал -ды, -ді формалы етісітк арқылы берілген өткен шақта белгілі бір уақыт кесіндісінде болған мағына берілмейтінін; жедел өткен шақ формасын қолданғанда сөйлеуші өткен оқиғаны жай хабарлау түрінде айтуды мақсат етсе, бұрынғы (-ған) өткен шақ формасын қолданғанда жай хабарлау емес, сол іс-әрекетке тыңдаушының назарын аударуды мақсат ететіндігін айтқан.Демек, -ған, -ген тұлғасын бұрынғы өткен шақ деп таныған.

Жалпы алғанда, -ған, -ген есімше формасын бұрынғы өткен шақ деп атау үрлісі қазақ грамматикасының даму тарихында ертеден-ақ осы жүйеде басталып, соңғы қазақ грамматикасында да сақталған. Біздің ойымызша, -ған, -ген тұлғасының бұрынғы өткен шақ деп аталуының өзі оның негізінен векторлық, яғни сөйлеу сәтінен бұрын (көп уақыт) болған амал-әрекетті білдіруіне байланысты берілген.

Бұрынғы өткен шақ. Бұрынғы өткен шақтың екінші тұлғасы көсемше формаларына жіктік жалғауларының жалғану арқылы жасалады. Моделі: -ып, -іп, -п + жіктік жалғау.

-ыпты, -іпті аффиксі жалғанып жасалған өткен шақ туралы ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Дипломдық жұмыста осы тұлға туралы айтылған ғалымдар пікірлері мен мағыналарына талдау жасалып, мынадай функционалды мағыналары анықталды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет