1 Шақ категориясының теориялық негіздері


Темпоралдылықтың векторлық сипаты



бет8/14
Дата07.01.2022
өлшемі80,95 Kb.
#19472
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Мөлдір -2-тексеріс

Темпоралдылықтың векторлық сипаты

Сөйлеу сәтінен бұрынғы Сөйлеу сәтіндегі Сөйлеу сәтінен кейінгі

А Б В Г

Іс-әрекеттің болып өткендігі немесе болып жатқаны немесе алдағы уақытта болатыны сөйлеу сәті арқылы белгілі болады. Егер іс-әрекет АБ кесіндісінің бойында жүзеге асқан болса, сөйлеу сәтінен бұрын болған іс-әрекет ретінде танылады. Іс-әрекеттің өту мерзімі А-ға қарайғы бағытта жүрген сайын іс-әрекеттің өте ертеде болғандығын білдіреді. Қазақ тілі оқұулықтарында мұндай өткен шақты ежелгі өткен шақ деп атайды. Егер іс-әрекет Б-ға жақын уақыт кесіндісінде өткен болса, онда іс-әрекеттің жақын арада болғандығын көрсетеді. Ал бұл қазақ тілі оқулықтарныда жедел өткен шақ деп беріледі. Сызық бойымен өлшенетін шақтық ұғымды үстеулер арқылы да нақты беруге болады.

Сөйлеу сәті – шақтық меженің орталығы және шақтық қатынастардың негізгі бастау нүктесі болып табылады. Шақтық қатынастар бастау нүктелердің тіл жүйесінен және сөйлеу жүйесінен көріну сипатына қарай екі жақты қарастырылады. Бастау нүкте – шақ (темпоралдылық) категориясын межелі категория деп атаудың негізгі критерийі. Осы бастау нүкте арқылы шақ тілдік тұрғыдан өткен шақ, келер шақ, осы шақ, сөйлеу жүйесінде болып өткен, болып жатқан, алда болатын іс-әрекет болып үшке бөлінеді. Бастау нүкте – шақ түрлерінің анықтағышы, ал осы анықтағыштық сипатына сәйкес шақтық дейктикалық орталық болады. Дейксис дегеніміз – объекті немесе субъектіні сілтеп көрсету қызметі.

Сөйлеу сәті және шақтық қатынастардың басқа да межелері сөйлеуде грамматикалық шақ формалары және темпоралдылық мағына беретін басқа да тілдік құралдар арқылы жүйелі – тілдік сипат алады да, бұл жүйелі – тілдік бастау нүкте шақтық дейктикалық орталық деп аталып, тіл жүйесіндегі шақтық бастау нүкте болады. Ол тілдік жүйедегі шақтық меженің орталығы болып табылатын тілден тыс сөйлеу сәтінің бейнесін көрсетеді, яғни темпоралдылық мағынаны білдіретін тілдік құралдар арқылы объективтенеді. Сонымен, шақтық дейксистің реалды ( тілдік емес) және жүйелі-тілдік орталығы болады.



Модальдық ұстаным – сөйлеушінің (рецепиенттің) іс-әрекетке көзқарасын өлшем етіп алатын шақтық меже. Шақты жіктеу тарихында модальдық ұстанымның өте үлкен рөл атқаратындығын шақтың өткен және келер шақ (болжалды, мақсатты) түрлерінің ішкі жіктемесінен анық көруге болады.

Аспектілік ұстаным дегеніміз – қимылдың өту сипатын өлшем (белгі) ретінде алатын шақтық меже. Аспектілік (аспектуалдылық) деген терминді біз функционалды-семантикалық категориялардың ішіндегі предикативтегі негіздегі қимылдың ішкі сипатын білдіретін мағыналық категорияға қатысты алып отырмыз. Бұл семантика шақтың дағдылы өткен шақ түріне қатысты.

Жалпы тіл білімінде соңғы он жыл ішінде қарқын алып келе жатқан функционалды семантикалық бағыттағы зерттеу нысаны аспектуалдылық категориясы. Лингвистиканың осы бағытын зерттеп жүрген ғалымдар аспектуалдылық деген терминге түрлі анықтама береді. Атап айтқанда, А.М Пешковский «уақыт ағымындағы қимылдың өтуі мен бөліну сипаты» деп функционалды семантикалық өріске топтастырылған семантикалық категориялардың белгілері ретінде қарастырады. Ал Г. Гий аспектуалдылықты «қимылдың ішкі сипатымен» тығыз байланыста қарастырса, Е.А. Реферовская: «Ұзақ болсын, қысқа болсын кез келген қимыл белгілі бір уақыттың тікелей мөлшеріне байланысты. Адам санасындағы уақыт ұғымы «қимыл – əрекет – ұзақтық» түрінде көрініс береді. Мұндай қимылдың «уақыты» оның ішкі қимыл сипатын көрсететін табиғатының бөлінбес бір бөлшегі, оған тəн белгісі», – дейді. Қимылдың семантикасы, қатынасы мен қалып күйі көптеген түркі тілдерін зерттеушілердің назарына ертеден түсті. П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, М.А. Терентьев, Н. Созонтов, А.В.Архангельский, т.б. ғалымдардың қазақ тіліне қатысты жазылған XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген еңбектерінде қимылдың жасалуындағы ерекшеліктер көмекші етістіктердің қызметі тұрғысынан сөз етіледі. Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің қызметі мен мағынасына қатысты тіл білімінде əр түрлі көзқарастар мен пікірлер болды. Ол көзқарастардың, талас туғызып келген мəселенің бірқатары көрініс (орыс тіліндегі вид категориясы) категориясымен байланысты болды. Славян тілдеріне тəн көрініс категориясы қазақ тілінде бар ма жоқ па деген мəселе көп уақыт шешімін таппай даулы мəселеге айналды. Кейбір түркітанушы ғалымдар (А. Казембек, И. Гиганов, Г. Алпаров, М. Иванов, К. Насыри, А. Мансұров, Г. Киекбаев Б.Н. Головин, Р.З. Мурясов, К.З. Закирьянов) аспектуалды мағыналы етістік формаларын вид катгориясына қатыссыз қарастырады. Ал кейбір түркітанушылар (Н.К. Дмитриев, А.И. Харисов, Р.Н. Төреғұлова, К.З. Ахмеров) амалдың өту сипатын білдіретін аналитикалық жəне морфологиялық құралдардың бірқатарын вид категориясына жатқызғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері бар екенін айтады. «Н.К. Дмитриев, Н. Баскаков, Л.И. Харитонов, А.И. Харисов өз еңбектерінде түркі тілдерінде көрініс категориясы бар екендігін дəлелдеді. И. Ұйықбаев қазақ тілінің материалдары бойынша көрініс категориясына қатысты кандидаттық диссертация қорғады. Етістікті зерттеуші Ы. Маманов, Х. Махмудов, Н. Сауранбаев сынды ғалымдар да қазақ тілінде көрініс категориясы бар деген пікірде болды». Ал функционалды грамматиканы жан-жақты зерттеген профессор А.В. Бондарко: «Аспектуалдылық – қимылдың уақытқа қатысты өту сипатын білдіретін морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік, лексикалық, лексика-грамматикалық т.б. тілдік құралдаржəне олардың өзара əрекеттесуін білдіретін функционалды семантикалық өріс», – деген анықтама береді.

Құрамдық ұстаным дегеніміз – қимылдың өту мерзімін білдіретін шақ формаларының, формальды тұрғыдан құрамын (дара және күрделі) өлшем етіп алатын шақтық меже.

Кешенді (интегративті) ұстанымды біз шақты жіктеудегі жоғарыдағы модальдылық, аспектілік, векторлық ұстанымдардың аралас, бірге алынуына қарай арнайы бөліп қарастырамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет