1 Шақ категориясының теориялық негіздері


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет4/14
Дата07.01.2022
өлшемі80,95 Kb.
#19472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Мөлдір -2-тексеріс

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1.1 Шақ категориясының жалпы сипаттамасы
Уақыт – әмбебап категория. Сол себепті де уақыт тілдік уақыт шеңберінде ғана қаралмайды. Дүниеде уақыт пен кеңістіктен тыс тұратын нәрсе жоқ. Адам өз санасы арқылы қорытқан «уақыт» ұғымын коммуникативтік мақсатта қолданады және қарым-қатынас, яғни сөйлеу кезінде адам міндетті түрде қандай да бір коммуникатиытік уақыт ішінде тұрады. Себебі адам коммуникативтік актіде уақыт ұғымын мақсатты түрде қолданбаса да сөйленім (сөйленіс) міндетті түрде бір шақтық қатынасты білдіреді. Бұл сөйлеу жүйесінде болатын предикативтілікпен байланысты. Предикативтілік теориясы бойынша сөйлеуде міндеттің түрде болатын мыналар: модальдылық (рай), темпоралдылық (шақ) мағыналар. Демек, адам санадағы уақыт ұғымын лексика-фразеологиялық жүйемен ғана шектемейді, санада жинақталған уақыт туралы аялық білімді белгілі бір коммуникативтік мақсатқа сай қолданады. Коммуникация кезінде адам уақыт ұғымын, шақтық семантиканы беруде бір ғана тілдік құралдық семантикалық функциясымен шектелмейді, адам санасындағы уақыт ұғымы туралы жинақталған мағыналар тілдің әр деңгейінде көрініс табады. Адам сөйлеу кезінде уақыт ұғымын беруде осы жинақ фнукциялардың барлығына иек артады, яғни бір сөйленімде уақыт семантикасын білдіретін лексикалық бірліктер, фразелогиялық тіркестер, грамматикалық формалар, синтаксистік бірліктер – осының бәрі ортақ семантикалық рөл атқарып, тұтас сөйленімнің уақытқа қатысты қырын білдіреді. Бұдан уақыт ұғымын білдіретін тілдік құралдарды коммуникативтік мақсатқа сай қолдануда да адамның аялық білімінің, сөйлемді ұйымдастыру қабілетінің, тілдік шеберлігінің маңызы зор екенін көреміз.

Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішінде ең күрделі сөз табы етістік болғандықтан, оның лексикалық, мағыналық ерекшеліктері де мол. Көптеген ғалымдардың қатысуымен әр саласы жеке-жеке зерттелгеніне қарамастан кейбір мәселелерінің күні бүгінге дейін бірізді шешімін таба қоймағандығы да етістік сөз табының сол күрделілігін аңғартса керек.

Қазақ тіл білімінде белгілі бір терминдерге келгенде пікірдің бірізділігі жоқ. Себебі әр ғалым өзінше зерттеп, өзінше қарастырып, өзіндік тұжырымдарпын дәлелдеуге тырысады. Сол сияқты бірізді тұжырым шақ категориясында да қалыптаспаған. Себебі, шақ категориясының анықтамасын әр ғалым өзінше ұсынып, әрқайсысы жеке-жеке жіктеген.

Ахмади Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі: Морфология» кітабында шақ категориясын былай деп түсініктеме береді: «Етістік амал-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдарды білдіретін сөздер болғандықтан, оған тән сөздер қашан да белгілі бір дәрежеде мезгіл ұғымдарымен байланысты болады. Өйткені амал, әрекет, қимыл, қозғалыс атауларының қай-қайсысы болсын үнемі белгілі бір мезгілде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына байланыстырмай етістікті жеке сөз табы деп тануға да, анықтауға да болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория деп саналады» [1, 323б].

Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы басқа да категориялар сияқты бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, тұлғалық жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар аса бай грамматикалық категория. Шақтың мазмұны, формалары мен қызметтері адамның сөйлеп не болмаса сөйлесіп отырған кезінде айқындалады. Өйткені, амал не әрекет, қимыл не қозғалыс процестердің қай-қайсысы болсын не сөйлесіп отырған уақытта дейін істеліп болған не сол сөйлесіп отырған уақытта істеліп жатқан, не сөйлесіп отырған уақыттан кейін істелінбекші амалдар есебінде қабылданады (жаздым, жазып отырмын, жазбақшымын).

Шақтарды өзара ажыратуда қиыншылықтар бар. Ол қиыншылықтар, бір жағынан, шақ мазмұнының бір-бірімен ұштастығымен, соған қарай, шақ формалдарының бір-бірімен жіктері ашылмағандығымен байланысты болса, екінші жағынан, шақ категориясы мен рай категориясының бір-бірінен мазмұн шегі де, форма шегі де ажыратылмағандығымен байланысты.

Шақ пен рай категориясының бір-бірімен ажыратылмауын көбінесе логикалық категория мен грамматикалық категорияның жинастырылып жүргені себебінен деп қарауға болады.

Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория деп есептеледі. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы мазмұны жағынан да, формасы жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар аса бай грамматикалық категория. Әдетте, шақтың мазмұны, соған лайық формалары мен қызметтері адамның сөйлеп отырған кезіне байланысты айқындалады.

Осындай негізгі мәселелердің ғылыми жағынан тиянақталмай шешілмей келуі салдарынан шақтардың да, олардың формаларының да шектерін ашу, оларды таптастыру мәселелеріне қиындық туғызып жүр. Мысалы: «мен айтамын, ол тыңдайды, мен сөйлеймін, ол жинайды, мен келемін, ол алып барады, ол сатып алады, мен түсіндіремін, ол көрсетеді, мен жинаймын, ол жазады» дегендегі етістік формалары (айт-а-мын, тыңда- й-ды) қай шакқа тән, олардьң мазмұны қандай екенін дәл осы контекске қарап анықтау мүмкін емес. Сондай- ақ, жүрер еді, жүретін ежі, жүрмек ежі, жүрген еді, жүрмек болып еді, барар еді; баратын еді; бармақ еді; барған еді; ба- барып еді; барар ма еді; сүрініп кеткен еді; тыңдар еді, тыңдайтын еді, тыңдаған еді, тыңдай жаздап еді, Жығылып қала жаздап еді; жығылып қала жаздап барып қалған екен; айтқысы келіп отыр екен; келер еді, келген еді, келе жаздап еді секілді формалардың бәрі де не белгілі бір шакқа, не бірнеше шаққа қатысты екені күмәнсыз. Бірақ солай бола тұрса олардың қайсысын қай шаққа жатқызуда айтарлықтай қиындықтар бар. Дегенмен, етістіктің сөйлемде баяндауыш болып қызмет аткаратын формаларының ең негізгі касиеті шақ ұғымын білдіру болса, бұл формалар да тілдегі замандар бойы дамып қалыптаскан шақ категориясынын жүйесінен өздеріне тиісті орындарын алуға лайық.

«Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы» атты монографиясында Т.Р.Қордабаев қазақ тіліндегі шақ категорияларын жан-жақты талдап, етістік шақтарының жіктелуін ұсынады. Жалпы етістіктің қазақ тіліндегі ауқымы кең, күрделі сөз табы болғандықтан, оның проблемалық мəселелері де аз емес. Сондықтан ғалым еңбегінде етістіктің етістік екендігін көрсететін грамматикалық көрсеткіштерді сипаттай келе, жалпы категория, грамматикалық категория дегендерді түсіндіреді. Етістіктің ең басты белгісі — сөйлемде іс-əрекетті білдіруі болса, оның келесі белгісі — шақтық қасиеттің етістіктің табиғатына қаншалықты қатысы бар екендігінде дегенді айта келіп, «шақ категориясы — етістікке тəн категория. Ол етістікті басқа сөз таптарынан бөліп көрсететін басты белгінің бірі. Ал етістіктің жаққа бөлінуі немесе жақталуы етістік біткеннің барлығына ортақ қасиет бола алмайды» деп қорытады.[ 2, 40].

Етістіктің сөз табы ретінде табиғаты өте күрделі. Себебі ол іс-əрекетті білдіретін сөздерден ғана емес, есім сөз таптарына түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы да жасалады. Ал егер етістік не баяндауыш есім сөздерден болса, шақ мəселесі қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан ғалым «қазақ тіліндегі шақ категориясы етістікке, дəлірек айтқанда, етістік баяндауыштарға тəн категория деп қарауымыз керек» [2, 39].деп нақтылай түседі. Осылайша кейбір ғалымдардың айтуындағы қазақ тіліндегі есім баяндауыштар да шақты білдіретініне қарсылық білдіреді.

Профессор Т.Р.Қодабаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы» атты еңбегіндегі пікірлері мен тұжырымдарын қорытындылай келгенде, етістік шақтарының жіктелуі кестесінде берілген етістік шақтары мен оның өзіндік түрлерінің «Қазақ грамматикасында» берілген етістік шақтары түрлерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ екендігін байқауға болады [1, 40 ]. Екеуінде де етістіктер үш шаққа бөлінген (осы шақ, келер шақ жəне өткен шақ), бірақ шақ түрлерінің іштей жіктелуі барысында кейбір түрлері басқа терминмен (мəселен, жалпы осы шақ, айғақты/айғақсыз өткен шақ, сенімді/сенімсіз келер шақ) аталғанын айта кету керек.

Зерттеуші Т.Т.Пірімбетовтің айтуынша, соңғы жіктеу («Қазақ грамматикасындағы») бұрын-соңды зерттеулердің іріктеліп, сұрыпталып, бұл жайында айтылған ой-пікірлердің қорытындысы болса, жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жасалған профессор Т.Р.Қордабаевтың шақтық жіктелу кестесі жалпы етістіктерді грамматикалық көрсеткіштеріне қарай емес, контекстік мағынаға сүйенудің нəтижесінде пайда болған. Сондықтан автор етістіктің шақ категориясына арналған бұл еңбегінде «контекстік мағынасыз шақ мəселесін сөз етудің қажеті жоқ» екенін ескертіп отырады [ 3, 69].

 Ы.Маманов еңбектерінде шақ темпоралдылық деп аталып, функционалды грамматика тұрғысынан арнайы зерттелмеген, шақ формаларының функционалдық аспектісін де назардан тыс қалдырмайды. Қазақ тіл білімінде дәстүрлі граммаитика мәселелерінің функционалды аясын аңғара білген бірден-бір ғалым Ы.Маманов болды. Бұған қазақ және түркі тілдеріндегі шақ категориясын арнайы зерттеген ғалымдар еңбектерінде сипаттама береді. өзінің еңбектерінде шақ категориясына былайша сипаттама беріледі: «Грамматикалық шақ категориясының қарастыратын мәселесі, обьектісі – істің, қимылдың болған нақты мезгілі де емес, нақты мезгілін білдіретін жеке сөздер де емес, шақтық мағына білдіретін етістіктің қалыптасқан грамматикалық формалары. Шақ формалары істің, қимылдың нақтылы өту кезін дәл көрсетпейді. Олардың шақтық мағынасы абстракт түрде сөйлеу кезімен өлшенеді. Былайша айтқанда, етістіктің шақ формалары сөйлеу кезінен бұрын, сөйлеу кезінен кейін және сөйлеу кезінде болатын қимылдың, уақиғаның уақытын жалпы түрде көрсетеді» [4, 156]. Шақ категориясына байланысты Ы.Мамановтың ой-пікірлері мына төмендегідей:


  1. Етістіктің шақ формалары қимылдың, уақиғаның уақытын жалпы түрде көрсетеді. Ал дәл өту мезгілін жыл санын көрсететін сан есімдермен тіркесу арқылы және мезгіл үстеулері арқылы білдіре алады.

  2. Шақ формаларының арасындағы айырмашылық — әртүрлі мезгілдік мағына білдіруінде емес, олардың әрқайсысына тән өзіндік семантикасында.

  3. Болжалды келер шақ субъективтік мәнде сөйлеушінің бір іске көзқарасын білдіретіндіктен, ашық райға жатпайды. Тек мақал-мәтелдерде ғана ашық рай мәнінде айтылады.

  4. Ниет есімшенің «еді» және «бол» көмекші етістіктерімен тіркесуі арқылы жасалған күрделі формасы ашық рай мәнінде белгілі грамматикалық шақ мағынасын білдірмейді (бармақшы болды – кеше бармақшы болды – ертең бармақшы болды).

  5. Етістіктің ауыспалы келер шақ формасы қимылдың әртүрлі ағымын білдіріп, осы шақ мағынасында жұмсалады. Ал осы шақ мағынасы – оның ауыспалы мағынасы.

Сонымен қатар ғалым А. Жаңабекова өзінің еңбегінде шақтың анықтамасын көрсетіп және осы шақ категориясына тікелей қатысты темпоралдылық терминіне түсініктеме береді. «Шақ – іс-әрекеттің сөйлеу тілі сәтіне қатысты анықталатын етістіктің грамматикалық категориясы.

Темпоралдылық – іс-әрекеттің сөйлеу сәтімен өлшегендігі болып жатқаны, болып өткенін, алда болатынын ұғымдық деңгейде жалпы тілдік семантикалық категория, яғни грамматикалық шақ – шақ формаларынан көрінетін мағыналарды ғана қарастырса, семантикалық шақ – темпоралдылық – сөйлеудегі, тұтас мәтіндегі шақтық мағыналарды қарастырады. Бірінің өрісін шақ категориясының грамматикалық көрсеткіштері құраса, екіншісінің өрісін осы грамматикалық көрсеткіштермен қоса, шақ мағынасын білдіретін лексикалық бірліктер (үстеу), синтаксистік конструкуиялар құрайды.

Функционалды - семантикалық категориялар құрылымы жағынан алғанда өріс ретінде қаралады. Сондықтан «функционалды-сеемантикалық категория», «функционалды-семантикалық өріс» терминдері қатар қолоданылады. Темпоралдылық – сөйлеушінің сөйлеу сәтіне не басқа бір бастау нүктеге қатысты адамның уақыт туралы жағдаяттар мен оның элементтерін қабылдауы мен қорытуын, яғни қимылдың өту мерзімін білдіретін семантикалық категория. Сонымен қатар темпоралдылық – осы семантикалық категорияға негізделіп, осы категорияның түрі түрлі варианттарын беру үшін қолданылатын әртүрлі тілдік құралдардың жиынтығынан тұратын функционалды-семантикалық өріс.

«Темпоралдылық» терминіне осылай анықтама бере отырып, оларды іштей мағыналық топтарға бөліп қарастырады. Темпоралдылық – дейктикалық категория, оның осы дейктикалық сипатына қарай шақтық межесі болып табылатын сөйлеу сәтін функционалды грамматикада «шақтық дейксис» терминімен атайды. Яғни шақтық дейксис (сөйлеу сәті) темпоралдылық категориясының негізгі семантикалық межесі, өлшем бірлігі болып табылады. Осы тұрғыдан темпоралдылық қатынастарды А.В.Бондарконың жіктемесіне сүйеніп, шақтық дейксиске қатынасына қарай бірнеше түрге бөліп қарастырдық: 1) актуылды және бейактуалды шақтық қатынас; 2) абсолютті және қатыстық шақтық қатынас; 3) контактілік (алшақтық) шақтық қатынас.

Актуалданған жағдаятқа құрылған сөйленімде сөйленім мазмұны сөйлеу жағдаятымен тығыз байланыста болады. Сөйлеу жағдаятына сөйлеу актісіне коммуниканттардың қатысу-қатыспау сипатымен анықталады. Яғни сөйлеуші мен тыңдаушы сөлеу кезіндегі ситуативті ақпаратты беруге тікелей қатысса, мұндай сөйленім актуалданған жағдаятта құрылған сөйленім деп аталады. Бұл қатынас әсіресе диалогқа тән. Мысалы: Құлыншақ азырақ көзін жұмып отырды да: - Атшабарыңның сабалғанын айтасың. Жарықтығым Майсабар, басыма сырық, малыма құрық сілтеген өз қылығыңды, осы Майсабар қылығын сен неге айтпайсың? Мырза көрсе, әуелі соны неге көрмейді? Сені неге тергемейді? – деді (М.Әуезов).

Актуалданбаған шақтық қатынасқа құрылған сөйленімде сөйленім мазмұны сөйлеу жағдаятымен, әсіресе, сөйлеу сәтіндегі сөйлеуші (жазушы) позициясына тікелей қатысты болмайды. Мысалы: Келесі күні Құнанбай ауыл, ауданымен бала-шағаларымен үндемей көрісті де, ұлықтарға еріп, атқа мінді (М.Әуезов). Бұл сөйлемдегі әрбір іс-әрекеттің өту мерзімі сөйлеу сәтімен сәйкес келмейді. Іс-әрекеттің өткен шақта болып кеткені сөйлеушінің қазіргі сөйлеу уақытымен өлшенбейді де, шартты өткен шақ ретінде қаралады. Шақтық қатынас көркем шығармадағы жазушының да немесе сөйлеу тіліндегі сөйлеушінің де сөйлеу сәтіне тікелей қатыссыз. Мұндай сөйлемдерде өткен шақ формалары арқылы берілген шақтық мағына бейактуалды яғни актуалданбаған қимыл әрекеттерді білдіреді.

Абсолютті және қатыстық шақ мағыналары шақтық дейксис орталықтарының әртүрлі болуына байланысты. Абсолютті шақтық қатынаста субъектінің (сөйлеуші немесе жазушы) сөйлеу сәті дейктикалық орталық қызметін атқарады. Қимылдың өту мерзімі екінші бір қимылдың қатысынсыз, субъектіге тікелей қатысты анықталады. Ал қатыстық шақта шақтық қатынаста яғни дейктикалық орталық екінші бір қимылдың өту мерзімі арқылы анықталады және іс-әрекетке екінші бір субъектінің қатысы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет