әрекетті нақыт білдірмей, оны болжау түрінде айтады. Ол етістік түбінде -ар, -ер, -р афиикстерінің жалғануы арқылы жасалады. Аталған -ар, -ер тұлғасының болжам, сенімсіздік, шексіздік мәндерді білдіруі оның аталымдық уәждемесі болған. Әсіресе, болжамдық мағынасы доминанттық сипатқа ие болып, соған орай шақ жіктемесінде аталған тұлға негізінен болжалды келер шақ терминімен аталып отырған. « -ар, -ер» тұлғасы бойынша ғалымдар болжалды келер шақты Н.Сауранбаев « шексіз келер шақ», Т.Қордабаев «сенімсіз келер шақ» деп атаған, ал Қ.Жұбанов бастаған қалған зерттеушілер «болжалды келер шақ» деп атаған. Сонымен қатар қазақ тілі оқулықтарында да жалпыға ірдей осылай аталып жүр.