1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#17992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Зерттеу 

жұмысының 

өзектілігі: 

Қазақстан 

Республикасының 

мемлекетаралық  тілі  –  ағылшын  тілін  жаңа  технологиялар  арқылы  оқыту  ісі 

күннен-күнге  өзекті  болып  келеді.  Тілді  ақпараттық-коммуникативтік 

технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін 

жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Адам іс-әрекетінің 

әртүрлі  салаларында,  сонымен  қатар,  білім  саласында  ақпараттық 

технологиялардың  жаңаша  құралдарын  қолдану  бүгінгі  күні  үлкен  өзектілікке 

ие  болып  отыр.  Отандық  және  шетелдік  оқулықтарда  білім  процессін 

компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады. 

 Тәрбие  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтап,  іріктеп  алған  озық 

тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін,  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  өмірге  деген 

көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда 

жүзеге  асатын  іс-әрекет.  Мектеп  барлық  кезде  жас  жеткіншектерге  елін, 

халқын,  туған  жерін  сүю  және  қорғау  сезімдерін  дарытып  және  дамытып 

келеді.  Бала  тәрбиесі  қай  заманның,  қай  қоғамның  болсын  үздіксіз  ізденіске 

түсірген  ізгі  мұраты  екені  даусыз.  Әсіресе  жеткіншектерді  шет  тілін  оқуға 

тәрбиелеу  мәселесі  барлық  кезде  де  қоғам  мен  мемлекеттің  назарынан  тыс 

болмаған.  Ал  бүгінгі  таңда  жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстанға  айналу,  яғни 

жаңарту  үдерісі  қоғамымыздың  барлық  саласында,  соның  ішінде  білім  беру 

саласында  жүргізілуі  әлемдік  деңгейге  сай  дамуды  талап  етеді.  Күнделікті 

өмірде бұл жастардың маңызды азаматтық міндеттерін орындамауы, әлеуметтік 

және  рухани  толыспағандығын  көрсетуі,  әртүрлі  діни  секталарға  кіруі, 

жасөспірімдер арасында заңсыз топтардың пайда болуы сияқты іс-әрекеттерден 

көрінеді. 

Дейтұрғанмен,  шет  тілін  оқыту  үдерісінде  жеткіншектерді  шет  тілін 

ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып  оқыту  мәселесіне  жете  көңіл 




 

бөлінбегендігі,  шет  тілінің  пән  ретінде,  атап  айтсақ,  ағылшын  тілінің,  білім 



беру  саласында  маңыздылығын  жете  түсінбеуі,  шет  тілі  пәнінің  тәрбиелік 

мүмкіндіктері  жете  қарастырылмағандығы  анықталды.  Бұл  мәселені  мақсатты 

түрде  шешу  үшін  шет  тілі  пәнінің  тәрбиелік  мүмкіндіктерін,  оның  әдіс-

тәсілдерін  дамыту  жолдарын  жете  зерттеп  талдау  қажеттігі  туындайды. 

Көпұлтты  және  көпконфессиялы  Қазақстан  мемлекетінде  жаңа  сипатқа  ие 

болып отырған ақпараттық құзыреттілік мәселесін Қазақстан Республикасының 

ұштұғырлы  саясатымен  ұштастыра  жүргізуді  міндеттейді.  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арнаған 

жолдауы  қазіргі  кездегі  ағылшын  тілі  пәнінің  маңыздылығын  атап  көрсетті 

«Қазақстандық  патриотизм  мен  саяси  ерік-жігер  –  жаңа  Қазақстанды  құрудың 

аса  маңызды  факторлары»  [5,  6  б.],  «Қазақстан  бүкіл  әлемде  халқы  үш  тілді 

пайдаланатын  жоғары  білімді  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бұлар:  қазақ  тілі  – 

мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  – 

жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» [5, 16 б.]  

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара 

тұлғаға  бағыттап,  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-тәрбие 

үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылату  –  бүгінгі 

күннің басты талабы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет