1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет17/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104
4) 
Ішкі түйіршікті қабатта
көптеген жұлдыз тәрізді нейрондар және ұсақ 
пирамидалық жасушалар анықталады. Бұл жерде орналасқан нейрондар қыз
-
меті бойынша сенсорлық болып келеді. Олар басқа типті нейрондармен көп
-
теген ассоциативті байланыстарды түзейді. Бұл жерде талаомокортикалды 
жүйкелік талшықтардың көбі аяқталады. Бұл талшықтар тығыз қабат құрап, 
сыртқы Белларже жолағы
деп аталады. Қабат көру, есту аймақтарында өте 
жақсы дамып жетілген, ал моторлық аймақтарда жоққа тән.
5) 
Ганглионарлық қабат
ірі пирамидалық нейрондармен немесе Бец 
жасушаларымен берілген. Бұлар ірі нейрондар, көбінесе қыртыстың 
моторлық аймағында кездеседі. Олардың апикалдық дендриттері 
молекулярлық қабатқа көтеріліп көп тармақталады. Бүйірлік дендриттер 
көрші Бец жасушасымен байланыс құрайды. Аксондары ақ затқа өтіп 
кортикоспиналды (пирамидалық) және кортикобульбарлық өткізу жолдарын 
құрайды. Аксондары басқа Бец жасушаларына коллатералдар бере алады.
6) 
Полиморфты жасушалар қабаты немесе ұршықша пішінді жасушалар 
қабаты.
Бұл жерде, сондай
-
ақ, пирамидалық, жұлдызшалы нейрондар 
болады. Махтиготти жасушасы және тағы басқа жасушалар бар. Бұл 
қабаттың нейрондарының дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріледі 
және қыртыстан келетін эфферентті (кортикоталамикалық) жолды құрайды. 


Мартиготти жасушасы басқалармен салыстырғанда кері бағытталған. 
Олардың аксоны молекулярлық қабатқа көтеріліп, қабаттың басқа 
нейрондарымен синапстар құрайды, ал дендриттері өз қабатының 
нейрондарының аксондарымен байланысады. Жасушалар тежегіш нейрондар 
болып табылады.
Глиоциттер.
Жұлын каналын ( өзегін ) эпендимоциттер қоршайды да
жұлын сұйығын бөледі . Эпендимоциттердің базальды мембранамен 
шектелген жағынан ұзын өсінділері шығады , ал жұлын сұйығы жағында 
көптеген кірпікшелері болады , бұлар жұлын сұйығын қағып жылжытады . 
Жұлынның сұр затының негізін протоплазмалы және талшықты астроциттер 
түзеді . Талшықты астроциттердің өсінділері жұлынның сұр затынан ақ 
затына өтіп , ондағы дөнекер тінді перделердегі қан тамырларын қоршап , 
тіпті жұлынның сыртқы қабатына да өтеді . Жұлындағы 
олигодендрогиноциттер нерв талшықтарының сыртқы қабығын құрайды . Ал 
микроглия жұлынға қантамырлары арқылы өтіп , жұлынның ақ және сұр 
затынан өтіп , фагоцитоздық қызмет атқарады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет