интрамуральды жүйке өрімдерінде
орналасады.
Интрамуральды өрімдер
көбінесе асқорыту мүшелерінде,
жүректе, қуықта кездеседі. Бұлар мүшелер қабырғасындағы кілегей асты
негізінде (Мейснер денешігі), ет қабығында (Ауербах денешігі) түйіндер
түрінде орналасады. Бұл түйіндердің негізін Догельдің 3 түрлі жасушалары
түзеді. Догель жасушаларының
I түрі қозғалтқыш
, бұлардың ұзын
аксондары постганглиярлы миелинсіз талшықтардан түзіліп, нервтейтін
мүшелерге барып синапс түзеді. Нейрондардың
I түрін ұзын аксонды
Догель жасушалары
деп атайды. Догель жасушаларының
II түрін тең
өсінділі нейрондар
деп атайды. Бұлардан тараған тармақтарының қайсысы
дендрит, қайсысы аксон екенін анықтау қиын, қызметі
сезімтал
. Догель
жасушаларының II түрінің дендриттері мүшелерге барып рецепторлар түзеді,
ал аксондары Догельдің I түрі жасушаларының денесімен синапс түзеді.
Догель жасушасының
III түрі
қызметі жағынан
ассоциативтік
нейрондарға
жатады. Бұлардың дендриттері I, II жасушаларын байланыстырады. Ал,
аксондары көршілес түйіндерге өтіп, түйін аралық байланыстар түзеді.
8. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы.
Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық
жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара
байланысы.
Жүрек
-
қантамырлар жүйесі
–
құрамында қоректік заттар, биологиялық
белсенді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар қанның бүкіл организм
бойымен таралуын қамтамасыз ететін ағзалардың жиынтығы
болып табылады.
Былайша айтқанда,бұл жүйе адамның
барлық
ағзаларының тіршілігін қамтамасыз етеді.Осы жүйе қанды денеге таратушы
қантамырлар мен сол қанды айдайтын аппараттан,яғни жүректен тұрады.
Жүрек
-
қантамырлар жүйесіне:
Достарыңызбен бөлісу: |