1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


Цитоархитектоникасы және миелоархитектоникасы. Нейрондық



Pdf көрінісі
бет15/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104
 
Цитоархитектоникасы және миелоархитектоникасы. Нейрондық 
құрамы.
 
Цитоархитектоникасы

Үлкен ми қыртысындағы мультиполярлы 
нейрондардың түрлері сан алуан . Бұлар : пирамидалы , жұлдыз тәрізді , 


жіппе ішіндес , өрмекші тәріздес жөне горизантальды болып жіктеледі . 
Пирамида тәріздес нейрондар үлкен ми қыртысының ең негізгі және ең көп 
кездесетін арнайы қызмет атқаратын нейрондар тобы . Мөлшері әр түрлі , 10
-
40 мкм шамасында , денесі үшбұрышты , жоғарғы ұшы ми қыртысының 
үстіңгі
бетіне бағытталған . Бұл нейрондардың бүйір бөлігі мен жоғарғы 
ұшынан дендриттер шығып , мидың сұр затының әр түрлі
қабаттарында 
аяқталып жатады . Ал нейрон денесінің негізгі ( табаны ) бөлігіней нейрит ( 
аксон ) Пығып , қыртыстың әрбір қабаттарында аяқталып , ал кейбіреулері ( 
ұзыны
) мидың ақ затына да өтіп отырады .. Үлкен ми қыртысындағы 
пирамидалы нейрондар атқаратын қызметіне жөне мөлшеріне байланысты 
қыртыстың әрбір қабаттарында өр түрлі болып келеді . Оның ішінде майда 
немесе қыстырма нейрондардың аксоны мидың бір ғана жарты шарында ( 
ассоциативті ) немесе оң жақтағы жарты шарын сол жақтағы бөлігімен 
байланыстырып ( комиссуральды ) тұрады . Мұндай нейрондар ми 
қыртысының барлық қабаттарында кездеседі , әсіресе адамның үлкен ми 
қыртысында
бұлар өте көп . Пирамидалы нейрондардан шњққан аксоя 
пирамидалы жолдар түзіп , импульсті ми бағанасына , одан жұлынға өткізеді

Ми қыртысының миелоархитектоникасына
ассоциативті ( қыртыстың оң 
немесе сол жағында орналасқан ) және көмнссуральды ( мидың оң жағын сол 
жағымен байланыстыратын ) талпыктар мен проекциональды нерв 
талшықтары жатады . Проекциональды талшықтар афферентті , эфферентті 
болып ми қыртысын нерв жүйесінің басқа ядроларымен байланыстырады .
Олар қыртыста негізгі үш өрімді түзейді.
Тангенциалды өрім молекулярлық қабатта орналасады. Ол төменгі 
қабаттардың
нейрондарының дендриттерінен және таламокортикалды 
жүйкелік талшықтарынан құралған.
Сыртқы Белларже жолағы негізінен таламокортикалды жүйкелік 
талшықтардан тұрып, ішкі түйіршікті қабаттың деңгейінде анықталады.
Ішкі Белларже жолағы 

бесінші қабаттың аксондарының коллатералдарынан 
және проекциондық жүйкелік талшықтардан құралады. Жолақ бесінші 
морфологиялық қабаттың деңгейінде орналасқан.
Аталғандардан басқа кейде төртінші өрімді –
Кез
-
Бехтерев жолағын 
ажыратады. Ол екінші қабаттың деңгейінде орналасып, ассоциативті және 
комиссуралді жүйкелік талшықтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет