1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


Жіңішке ішек. Даму көздері. Морфофункциялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет68/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   104
Жіңішке ішек. Даму көздері. Морфофункциялық сипаттамасы. 
Қабырғасының құрылысы. «Крипта

бүрлер» жүйесі ішектің 
құрылымдық
 
функциялық 
бірлігі 
ретінде. 
Ішектің 
әртүрлі 
бөлімдеріндегі (12
-
елі ішек, ащы ішек, мықын ішек) шырышты 
қабықшасының құрылыс ерекшеліктері. Жіңішке ішектің қанмен 
қамтамасыз
 
етілуі және иннервациясы.


Тағам асқазаннан ашы ішекке барады. Ашы ішек асқорыту жүйесінің 
ортаңғы бөліміне кіреді. Қызметтері:
Тағамды қорыту: ұйқы безінен бөлінген сөл мен фермент дипептидазаның 
көмегiмен тағам қуыстық және қабырғалық корытылып, сорылады. 
Coру қызметі: тағамның құрамындағы көптеген пайдалы өнімдерді кан мен 
лимфаға сорып, сіңіреді. 
Секреторлы қызмет: шырышты, ферментті ішек сөлін бөледі.
Экскреторлы қызмет: аш ішекте зат алмасудың соңғы өнімдері пайда болады.
Эндокринді қызмет: жекеленіп орналасқан эндокриноциттері көптеген 
гормондар бөледі.
Қорганыс
-
барьерлік ықзметі: шырыш пен лимфоидты түйіндердің көмегімен 
жүреді

Дамуы. Жіңішке ішек эмбриогенездің 5
-
ші айында дами бастайды. Жіңішке 
ішектің бүрілер және крипталар эпителийі ішек энтодермасынан пайда 
болады.Эпителиоциттердің дифференцировкасы дамудын 6
-
12 апталарында 
басталады. Бүрлер мен крипталар дамудың 8
-10 
аптада түзіледі. 20
-24 
апталар бойында циркулярлы қатпарлар қалыптасады және дуоденалды 
бездер пайда болады. Дамудын 5
-
ші аптасында бокал тәрізді жас
-
р, 6
-
ші 
аптада эндокринді жас
-
р дифференцияланады. Жіңішке ішектің дәнекер тіні 
(7-
8 апталары) және бұлшықет
тіні (8
-
28 апталары) мезенхимадан дамиды. 
Эмбриогенездің 5
-
ші аптасында серозды қабықша қаланады.
Жіңішке ішек үш бөлімнен тұрады: он екіелі ішектен, ашы және мықын 
ішектен. Олардың барлығы төрт қабықшадан тұрады: шырышты, 
шырышасты, бұлшықетті және серозды. Құрылысының айырмашылықтары: 
бірінші айырмашылық, бүрлердің санында, жалпақтығында және биіктігінде, 
екіншіден шоғырланған лимфоидті фолликулдардың болуы, олардың басым 
бөлігі мықын ішекте болады, алайда 12 елі ішекте және ашы ішекте де 
табылады, үшіншіден дуоденалды бездердің болуы (12елі ішекте). Ішкі 
шырышты қабатта қатпарлар, бүрлер, крипталар болады. Ішек бүрілері–ішек 
қуысына саусақтарға және жапырақтарға ұқсап шығып тұратын шырышты 
қабықшаның бөліктері. Бүрілердің көбісі 12
-
екі елі және ашы ішекте болады, 
мықын ішекте аздау болады. Бүрілердің түзілуіне шырышты қабықшаның 
құрылымдық элементтері қатысады. Ішек крипталары–
эпителийдің 
шырышты қабықшаның өзіндік пластинкасына ойыстанып түтікшелер 
түрінде енеді. Қатпарлар –шырышты және шырышасты негізінің ішек 


қуысына
шығып тұрған аймақтарды айтамыз. Ашы ішектің шырышты қабағы 
3қабаттан тұрады: эпителий (бірқабатты призмалы жиекті); өзіндік пластинка 
(борпылдақ талшықты дәнекер тін); бұлшықетті пластинка (тегіс бұлшықет 
тін). Шырышты қабықты тыстайтын эпителий ішекте бір қабатты, призмалы 
әрі жиекті. Жіңішке ішектің шырышасты негізі БТДТ тұрады, оның 
құрамында
май тіннің бөліктері кездеседі. Бұлшықетті қабықшасы екі 
қабаттан тұрады: тегіс бұлшықет тіннің ішкі –циркулярлы және сыртқы–
бойлай қабаттарынан. Серозды қабықшасы жіңішке ішекті сыртынан жауып 
тұрады және серозды қабықша БТДТ және мезотелийден қалыптасады.
Ішек эпителийінде 4 түрлі жасушалары: бағаналы экзокриноциттер, бокал 
тәрізді экзокриноцитттер, Панет жасушалары, эндокриноциттер болады.
Ішек эпителийiндегi ең көп жасушасы ол 

баганалы экзокриноциттері. 
Экзокринді, ацидофильдi түйіршіктері болатын Панет жасушалары топтасып
кейде жекеленіп те орналасады. Түйiршіктерінің құрамында белокты 

полисахаридтер комплексі, ферменттер, лизоцим болады. Панет жасушалары 
iшектiң микрофлорасына катысып, антибактериоцидтiк кызмет атқарады.
Ішек эндокриноциттерiнiн ең көбі ЕС
-
жасушалары, бөлетiн гормондары: 
мотилин, серотонин, Р
-
заты; А

жасушалары 

энтероглюкагон синтездейдi; 
S-
жасушалары 

секретинді өңдейді; G
-
жасушалары гастриндi, Д және Д1
-
жасушалары пептидтердi бөледi.
Он екі елі ішектiн кұрылыс ерекшеліктеріне: бiрiншiден шырышасты 
негiзiндегi дуоденальді бездердің болуы тән, ал екiншiден ішектiң бұл 
бөлiгiне екі өзек келiп ашылады: бауырдан өт өзегі
және ұйкы безінің өзегі. 
Осыған байланысты он екі елі ішекте белсенді түрде пайдалы енiмдердiң 
сорылу үрдістері жүредi. Дуоденальді бездер адамдарда альволярлы
-
түтікшелі, тармакталған. Секретi
-
таза шырышты (мукозды) болып келеді. 
Кызметтері: ас қорыту, қорытылган асты сорып
-
сiнiру; корғаныс, 
механикалык, химиялык зиянды әсерлерден қорғау.
Аш ішек құрсақ және краниальды мезентеральды (шажырақайлы) 
артериялармен қамтамасыз етіледі. Бауыр артериясы құрсақтан бөлініп, он 
екі елі ішектің бастапқы бөлігінің бұтақтарын
береді. Краниальды 
мезентеральды артерия жіңішке ішек бойымен доғаны құрайды, одан 
органның қабырғасына бір
-
бірімен анастомоз жасайтын көптеген тікелей 
артериялар шығады.


Аш ішек вагус (кезбе) нервтеріне (парасимпатикалық жүйке жүйесі) және 
жартылай
айдың постганглиясының (симпатикалық жүйке жүйесі) 
тармақтарына енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет