Реализм(Баласыз өткен үш жылынан кейін тәубесіне келуі)
Психологизм(Мағжанның осы шығармасы психологиялық шығармалардың ең шоқтығы биігі)
Романтизм(Баласыз бақытты өмірін елестетуі)
Мағжан қазақ прозасындағы психологизмді шебер қолдан-ған жазушы.Осы әңгімесінде психологизмге драма мен трагедия элементтерін қоса отырып, жаңа бояу қосқан. Жазушы адам әлемінің тұны-ғына үңілумен қатар, адам жанының қатпарлығын көр-сетуге талпынған..Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезі-міне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ре-тіндегі жан сырын аршып, сол арқылы барша әйелдің басын-да кездесетін мінезді, табиғат-ты зерттеуге ұмтылу бар
Символдық астарлы мән
Мағжан Жұмабайұлының «Шолпанның күнәсі» әңгіме-сінде көтерілген тақырып, сю-жеттік арқаудың біраз өзгеше-лігі бар. Әңгімеде түрлі мәселе-лердің синтезі сабақтасып жат-қанына дәлел «әйел тағдыры», «отбасы», «отбасы құндылық-тары», «ұрпақ жалғастыру», «ұлтымызға тән таным-түсі-нік» сияқты өзара байланысты ұғымдар бір-бірімен тамырла-сып, бір ғана Шолпанның бей-несі ішкі сезімі арқылы бері-луінде. Осылайша ұлттымызға тән мінез бен болмыс, таным мен пайым шағын әңгіменің негізгі арқауына, мазмұнына айналған. Шығарманың мазмұ-нына терең үңілсек автордың ұлттық психологизмді таныт-пақ болған бірнеше маңызды тұстарын көре аламыз. Соны-мен қатар,біздің идеология-мызға жат іс-әрекеттердің орын алуы,бір жағынан ана-ның бала сүюге деген құштар-лығын көреміз. Сол арқылы оқушысына өмірдің бақыты – тіршіліктің ләззаты емес, ар-тында тұяғының қалуы деген-ді меңзейді. Ері мен әйелінің сыйластығын,табиғат жараты-лысына қарсы шығуға болмай-тынын,адам аузынан бәле та-батынымен қоса екінші жағы нан әйел өмірінің мәні – пер-зенті екенін астарлап жеткізе-ді.