Реніш (Бала үшін дүниеден бе-зіп, сопы болып жүрген кезінде «пірәдар» деп келемеж қылға-нына, сол бала үшін жан-тәні-мен беріліп, әдейі есалаңдан-ған шақтарында оған «Жорға» деп ат қойғанына – Шолпан Сәрсенбайға шын-шын ренжуші еді. Бала... бала екеуі-нің де жоғы емес пе? Екеуіне бірдей керек байлам емес пе? Сәрсенбай сол ортақ жоқты неге бір- ге іздеспейді? Бала-сыз өмірдің бос екенін неге сезбейді ол? Ол неге сол іздеу отына Шолпанмен бірге түс-пейді, бірге жанбайды? Еркек атаулы бала дегенде, ішкен асын жерге қойғанда, Сәрсен-бай неге бала деп аузына ал-майды? Әлде... әлде... жоқ... болмас... болмас... кім біледі... жоқ... ендеше, ол неге бала іздемейді? Неге...),
Қорқыныш(Әзімбайды көр-генде Шолпан жүрегі аузына тығылып, бір қуарып, бір қыза-рып кетті. Шолпанға күнә қы-лып жатқанда, біреу үстінен шығып қалғандай, күнәлі ойла-рын Әзімбай біліп қойғандай көрінді.),
Қуаныш(Шолпан екі-қабат. Бес жыл бойы санадан сарғайып күткен тілегі болды. Уланған өмір гүлденді. Күнә күнә болып қалған жоқ, күнә сауапқа айналды. Бала біткенін білген кезде қандай қуанып жүрді Шолпан, бір минут қаба-ғы жабылды ма? Күн-түн күл-кіден аузы тыйылды ма? Кіш-кене ғана аулақ қалса, алақа-нымен қарнын сипап-сипап, сол алақанын сүюші еді, ессіз Шолпан ішіндегі жаны жоқ бір кесек етті, ерні күбір-күбір етіп, айналып-толғанушы еді. Ессіз Шолпан!),
Ызалану(Сәрсенбай атты до-ғармастан үйге кіріп, үстіндегі қаптал күпіні жұлып тастай бе-ріп, қолындағы құнтпен төсек ағаш үстінде жатқан Шолпан-ды шықпырта бастады. Көзін қан жауып кетті. Еш нәрсені көрмеді, еш нәрсені ойлай ал-мады. Ақылын ашу биледі, қо-лын құнт биледі. Шып-шып-шып... шып. Көрпенің астында жатқан Шолпанда тірлік белгі-сі жоқ. Өлген адамдай сұлық жатыр. Шолпанның бұлай жатуы Сәрсенбайдың зығыр-данын тіпті қайнатты.)
Зарлау(Мынау жанды жеген жұмбаққа «ортасында екі от-тың – мені, Тәңірім, қор еттің» деп зарлаудан басқа жауап таба алмады. )