2. Компонент қасиеттерімен жұмыс
Компонент қасиеттерінің негізгілерін қарастырайық.
Name қасиеті (Teomponent Name типті) компонент атын көрсетеді. Әр жаңа типке автоматты түрде оның аты және нөмері меншіктеледі. Мысалы: Form1, Form2, Button1, Edit2, Label т.с.с.
Caption қасиеті (Tсaption типті) компоненттің тақырып жолынан тұрады. Ол символдық типті болады. Мысалы: Button1.Caption:= ‘Батырманы шерт’;
Form1.Caption:=’Калькулятор’;
Text қасиеті (Tсaption типті) компонентке байланысты жолдан тұрады. Бұл қасиет мәні компонент мазмұны болып табылады. Мысалы: Edit1.Text= ‘Студент’; Memo1.Text:= ‘Блокнот’;
Enabled қасиеті (Boolean типті) компонент белсенділігін анықтайды. Егер қасиет мәні true (ақиқат) болса, онда компонент белсенді, ал false (жалған) болса, компонент белсенді емес. Мысалы: Edit1.Enabled:=false; Button1.Enabled:=false; болса Edit1 –дегі мәтінді өзгерту және Button1 батырмасын шерту мүмкін емес.
Тапсырма: Standard парағының Edit, Label, Button компоненттері
Бақылау сұрақтары:
Standard палитрасына сипаттама бер
Additional палитрасына сипаттама бер
System палитрасына сипаттама бер
Data Access, Data Controls палитраларына сипаттама бер
Компонент қасиеттерін ата
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оспанова Ш.Б. Builder C++ ортасында бағдарламалау: оқу құралы. Қостанай: ҚМПИ, 2016. – 114 б.
Достарыңызбен бөлісу: |