Форманы құру кезінде қалыптасады. Берілген оқиғаның өңдеушісінде форманы құру кезінде орындалатын әрекеттерді беру керек, мысалы бастапқы мәндерді орнату.
OnClick
Компонент аймағында тышқанның батырмасын басу кезінде орындалады.
OnDblClick
Компонент аймағында тышқанның батырмасын екі рет басу кезінде орындалады.
OnKeyPress
Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Key параметрі Char түрінде болады және басылған перненің ASCII-кодынан тұрады (Enter пернесінің коды #13, Esc пернесінікі - #27 және т.с.с.). Әдетте бұл оқиға пернелердің бірін басу кезінде реакция қажет болған жағдайда қолданылады.
OnKeyDown
Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Бұл оқиғаның өңдеушісі басылған перне және Shift, Alt, Ctrl пернелерінің күйі, сондай-ақ тышқанның батырмасының басылуы туралы ақпарат алады.