2. Оқиғалармен жұмыс
C++ Builder-дің визуалды компоненттер кітапханасының (VCL) объектілерінің нақты өмірдегі объектілердегідей өзінің қасиеттерінің жиыны мен тәртібі бар. Мысалы, онымен байланысқан оқиғаларға жауап алу жиыны. Осы объектілерге әсер ететін оқиғалар тізімін Объектілер инспекторы парағынан көруге болады. Шындығында, бұл парақта TMouseMoveEvent сияқты типіне ие қасиеттерінің тізімі келтірілген және процедуралар – оқиғаларды өңдегіш болып табылады. Осы қасиеттердің аты жөнінде келісім бар. Мысалы, OnDblClick – тышқанның екі рет шертуіне, ал OnKeyUp – басылып тұрған түймешені жіберу оқиғасына сәйкес. VCL-дағы әртүрлі компоненттер үшін оқиғалар жиынының арасында Windows-тан импортталған оқиғалар (MouseMove, KeyDown), программаның өзінде тікелей туындайтын оқиғалары (TDataSource үшін DataChange оқиғасы) бар.