34.Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі бағыттарын таңдаңыз Әлем елдеріндегі жемқорлықпен күрес жайлы айта кететін болсақ, Сингапур мен Гонгконгте қылмыс үшін жазалағаннан, ең дұрысы оның алдын алу принципі бойынша әрекет етеді. Бұл елдерде алдын алу шараларына тіреу етіледі. Оның үстіне сыбайлас жемқорлыққа айыпталушыға кінәсідік презумциясының принципі қолданылмайды, ол өзінің кіріс көздерін түсіндіруге міндетті. Германия мен Францияда сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар 6 жылдан 10 жылға дейін сотталуы немесе пара сомасынан екі есе көп айыппұл төлеуі мүмкін. АҚШ-та осындай қылмыс үшін жазалау мерзімі 5 -жыл бас бостандығынан айырады (немесе 10 мың долларға дейін айыппұл). Жапонияда жеті жыл түрме. Ал ең қатал жаза қазіргі Қытай елінде қолданылады. 1980 жылдардың басында қатаң экономикалық қылмыс жасалған үшін Қытай қылмыстық кодексінде «ату баптары» күрт көбейді. Қазір Қытайда сыбайлас жемқорлықтық үшін өмірлік сотталу немесе өлім жазасын алуға болады. Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға, анықталған сомадан пайыздық ақы төленеді екен.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі.Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі
Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады.Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда превентивті-алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай жағдайларды болдырмауға бағдарланады.Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сая- сатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды рөл берілетінін атап өту қажет.Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып- тастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқа- лар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізу- мен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес меритократия қағидатына және конфуций этикасының негізгі канондарына негізделген.Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр лауазымын атқарған Ли Куан Ю болды. 1999 жылдың қарашасында Ли Куан Ю былай деген: «Беделіне дақ түспеген адал, тиімді үкімет басқарушы партияның ең құнды жетістігі мен Сингапурдың басты байлығы болып табылады және солай болып қалады».Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бірінші кезектегі шаралар ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады:
– қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы барынша дербес мемлекеттік орган (сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы) құру;
– сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату;
– мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге жоғары әлеуметтік кепілдіктер белгілеу;
– басқарушылық кадрларының тұрақты және жоспарлы ротациясының практикасы;
– сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша айғақтар берген адамның және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне заңнамалық кепілдеме беру;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті БАҚ-та кеңінен ашып көрсету;