1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»


Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы табиғатының психологиялық ерекшеліктерін табыңыз және сипаттаңыз



бет23/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
Жемкорлык сессия жауаптары

35.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы табиғатының психологиялық ерекшеліктерін табыңыз және сипаттаңыз;
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы, сыбайлас жемқорлық проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық, әлеуметтік және заң тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Алайда, сыбайлас жемқорлық әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі түсінігі әртүрлі. Сыбайлас жемқорлық проблемасын психологиялық тілде сипаттау үшін бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу қажет: сыбайлас жемқорлық әрекет – бұл лауазымды адамның қызметтік жағдайын асыра пайдалану арқылы жеке пайда табуға бағытталған әрекеті; сыбайлас жемқорлық қысымы – лауазымды адамға бұл жеке пайда табу үшін билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту арасында таңдау жасауға әкелетін ықпал етудің әлеуметтік және психологиялық факторлар жиынтығы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық – бұл сыбайлас жемқорлық қысымына қарсы тұру және қылмыс пен заңға мойынсұнатын әрекет арасында соңғысының пайдасына таңдау жасауды жүзеге асыру қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет; сыбайлас жемқорлыққа бейімделу – сыбайлас жемқорлық қысым жағдайында сыбайлас жемқорлық әрекетін таңдауға жеке бейімділік; сыбайлас жемқорлығы дендеген адам – сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік және төмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылықты игерген белгілі бір әлеуметтік тип [1]. Сыбайлас жемқорлық әрекет факторлары сыртқы (сыбайлас жемқорлық қысым) және ішкі (сыбайлас жемқорлыққа бейімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі. Әлеуметтік тұрғыдан сыбайлас – бұл жалпы қабылданған әлеуметтік нормаларды бұзу, бұрмалау, зақымдану және кейіннен белгілі бір қоғамдастықта оларды жасырын егу. Егер, бір жағынан, қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қабылданған норма ретінде ресми түрде айтылған, ал екінші жағынан, күнделікті қатынастарда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең таралған болса, ресми айтылған және нақты қолданыстағы мінез-құлық нормалары арасындағы қарама-қайшылық айқын. Салдарынан да, мемлекеттік қызметшілер мен олардың қызметтерін тұтынушылары ретіндегі азаматтардың мүдделер қақтығысы орын алады. Осылайша, әрекеттердің «қосарлы стандарты» психологиясы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактор болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет