1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»


Орта мектеп жасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбиеге анықтама беріңіз



бет2/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
3.Орта мектеп жасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбиеге анықтама беріңіз;

Орта мектеп жасы – (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің нақты қиындығы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм, интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің маңызы зор. Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды. Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің негізгі міндеті. Жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру болып табылады, олар балалардың: – сыбайлас жемқорлықты танып-білуін үйренуіне (сондай-ақ оны басқа қылмыс түрлерінен айыруға; – сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін уәжді ұғынуға; – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге көмектеседі. Бұл жаста білім берудің этностық компоненті – рухани құндылықтың мазмұны мен маңызын ашуға және жасөспірімдердің ізгілік рухани бағдарын қалыптастыруға назар аудару қажет. Дәл осы ізгілік рухани бағдарлар, егер олар рухани білім беру мен тәрбие жүйесінің бастапқы кезеңінде жасақталса, ол орта сыныптарда құқықтық құбылыстарды, ілгерінді құқықтық сезімдер мен ұстанымдарды әлеуметтік пайдалы бағалау бойынша құқықтық білім беру процесінде қалыптастыру үшін іргетас болуға тиіс. Осының негізінде, нақ осы орта мектеп жасы білім алушылардың құқықтық білімі жүйесін қалыптастыруда шешуші фактор ретінде қаралады, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары, бостандығы мен міндеттері олардың өзегі болып табылады.Барлық тұтастай мектебі әлеуметтік білім беру және тәрбие жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөніндегі ақпаратты алуы және ұсыну тәсілдері болуы мүмкін, олар сынып сағаттары, әртүрлі адамдармен (құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, саясаткерлермен, мемлекеттік қызметшілермен) әңгімелесу; дәрістер; күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарына қарсы тұру тақырыбына пікірсайыстар, пікірсайыстар; іскерлік ойындар; сабақтарда және факультативтік сабақтарда азаматтықпен және патриотизммен, мораль және руханилық ұғымдармен байланысты проблемаларды талқылау; кино материалдар көру және т.б.Бұл ретте негізгі екпін қалай көп білуге емес қалай мейлінше дұрыс бағалауға жасалуының маңызы зор. Білім алушыларға бұл саладағы білімді тереңдетуге және нақтылауға мүмкіндік беретін үлгілік сұрақтар мен тапсырмалар, шығармашылық жұмыстардың тақырыптар және т.б. ұсыну да маңызды. Олар сабақта үй тапсырмасы ретінде талқылау үшін ұсынылуы мүмкін, өйткені олар қосымша әдебиетпен, Интернет ресурстарымен және т.б. жұмыс істеуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет