1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудің маңыздылығын түсіндіріңіз



бет9/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудің маңыздылығын түсіндіріңіз;
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде.
Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі
бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан
бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар,  
оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – мамандардың ісі,
бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің
туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік
жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік
ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан  
оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі
нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін.
Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық
қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда
оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық
фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі
арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және
бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде
бағалайды. 
Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген
мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас
жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол
оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты
қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс
ретінде қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға
ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінез- 
құлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол
жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық
технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер
мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал
үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі.  
Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен
арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік
құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік
ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық
мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді.
Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола
алмайды. 
Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының
құқықтық тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері
көп. Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс
салаларға «ақша» ережелерін енгізуге қарсы тұра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет