1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»


Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты сипаттап жазыңыз



бет6/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
11.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты сипаттап жазыңыз?
Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін Қазакстан Республикасыныңқолданыстағы құқығының саласы.


Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 25бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық деп жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана
немесе абайсызда жасаған) әрекетiнемесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi әкiмшiлiк құқық бұзушылық дептанылады.


Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері:
1)15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР 190- 268 (78 бап)
190-бап. Тұтынушыларды алдау


2)16-тарау. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР269- 288 (19 бап)
269-бап. Мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебiне қою мерзiмiн бұзу


3)17-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 289 – 297 (8 бап)


4)24-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚОЛСҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 410-433 (23 бап)
410-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау.


5)33-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БИЛIК ИНСТИТУТЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIКҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 653 – 675 (23 бап)
653-бап. Сотты құрметтемеушілік


6)34-тарау. ӘКIМШIЛIК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР676 – 681 (5 бап)
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi

12.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерін атаңыз
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілік- құқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады. Әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде, Тұжырымдамада қоғамдық қауіптілік деңгейінің мөлшерін, құқық бұзушылық сипатын бұлжытпай сақтау, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкцияларды айқын шектеу ұсынылады. Бұл ұсынымдар ерекше өзекті, өйткені көбінесе жасалған құқық бұзушылық үшін мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік-биліктік қатынастар саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бірқатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірнеше нормалар бар.Бірақ айта өту керек, жауапкершіліктің басталмауы осы нормаларды бұзу белгіленген қағидалар мен тыйым салуларды толықтай елемеуге әкеледі. Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жатады: белгілі бір мемлекеттік қызметші үшін моральдық-этикалық түсінік бойынша мүмкін емес нәрсе, егер ол өзінің әріптестері үнемі солай әрекет етсе, мүмкін болып табылады.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамын ескере отырып, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деп мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның немесе оған теңестірілген тұлғаның қоғамға әдейі қауіпті әрекеті, өзінің өкілеттігіне кіретін іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін сол тұлғаның пайдасына материалдық игіліктерді жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз алудан көрінуі, сондай-ақегер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, сыйақы ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері түсіндіріледі.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген:
– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап);
– мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап);
– заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап);
– мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679-бап);
– мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап);
– бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы (681-бап).
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы.Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті жағы және субъективті жағы.Субъект – бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам.Барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттер оларды арнайы субъектінің – мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет